Сайт мәліметі
 
Шымкент және
ОҚО жаңалықтары
Қазақстанның телеком- жаңалықтары
Ауа-райы
Шымкент суреттерi
Шымкенттік
Web-сайттар
 
Фотосуреттер
 

 
Сайқымазақ суреттер
 

 

 
Оңтүстік Қазақстан жаңалықтары
 

Шымкентте БҰҰ-ының делегациясы жұмыс істеуде - әлеуметтік мәселелер бірлесіп шешіліп келеді

ШЫМКЕНТ. Қарашаның 15-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Шымкентте екінші күн БҰҰ делегациясы жұмыс істеуде. БҰҰ-ының ҚР-дағы резидент-үйлестірушісі Юрико Шоджи басқарған комиссия құрамында 26 адам бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Делегация құрамында – БҰҰ-ның Қазақстандағы Кеңсесінің, ҚР Сыртқы істер министрлігінің, БҰҰ-ның ҚР-сындағы жәрдемдесу қауымдастығының, БҰҰ Даму Бағдарламасының, ЮНИСЕФ, ЮНФПА, Халықаралық көлік ұйымының, Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері бар.

Бұдан бұрын М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде Қазақстандағы Мыңжылдықтар табалдырығындағы даму мақсаттарының екінші есебі таныстырылған болатын. Бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдері облыс әкімдігі басқармаларының және департаменттерінің басшыларымен кездесуде.

Биыл БҰҰ-ына 60 жыл толып отыр. Сапар осы оқиғаға орайластырылды. Оның мақсаты - Ұйымның қызметімен жұртшылықты таныстырумен бірге білім, медицина, демография, көші-қон және қоршаған ортаны қорғау салаларында жобаларды жасап, жүзеге асыру жолдарын тиісті органдармен талқылау болмақ.

08.11 / 19:48 Бүгін Алматыда волейболдан Қазақстан чемпионаты мен елдің Ұлттық лига ойындары басталды

АСТАНА. Қарашаның 8-і. ҚазАқпарат /Назым Шаханова/ - Бүгін Алматыда волейболдан ерлер арасында Қазақстан чемпионаты мен елдің Ұлттық лига ойындары басталды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Волейбол федерациясының ұйымдастыру-спорт жұмыстары бөлімінің меңгерушісі Виктор Невский хабарлады.

Келесі жылдың көктеміне дейін командалар ел чемпионы атағы және Ұлттық лиганың алтын медалі үшін додаға түседі. Қазақстан чемпионатына 11 команда: «Шығыс-ВКГТУ» (Өскемен), «Конденсат-2» (Орал), «УМЗ-Алтай» (Өскемен), «Есіл-ПЗТМ» (Петропавл), «ҚазНАУ» (Алматы), «Қуат-Семей-2» (Семей), «Атырау-2» (Атырау), «ВСМК-Миттал Стил-2» (Темиртау), «ЮКГУ-Қазығұрт» (Шымкент), «ТНК-Қазхром» (Хромтау), «Колос-Кинэу» (Қостанай) қатысады.

Ұлттық лиганың бірінші турына 6 команда қатысуда. Жарыстың алғашқы күніндегі матчтардың қорытындысы белгілі болды. В.Невскийдің айтуынша, «Қуат-Семей» теміртаулық «Миттал-Стилді» 3:0 есебімен ұтты. «Атырау» мен «Конденсаттың» кездесуі де осындай есеппен атыраулықтардың пайдасына шешілді.

"Мигрант" шарасының барысында 8,5 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Kazakhstan today

26-қазаннан бері "Мигрант" шарасының барысында тәртіп сақшылары Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібін бұзуға байланысты 8580 адамды, соның ішінде алыс шетелдерден келген 617 адам мен ТМД елдерінен келген 7963 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Соттардың шешімімен 1274 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды. Олардың 97-сі алыс шетелдерден, 1177-сі ТМД елдерінен келгендер.

Сонымен бірге 2 мыңдай азаматтар мен лауазым иелері құжаттары жоқ немесе тіркеусіз адамдарды тұрғызғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ал 964 азамат шетелдіктерді қабылдап алу жөніндегі міндеттемесін орындамағаны үшін, 215 адам шетелдерден жұмыс күшін тарту және оларды пайдалану ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік жүктеді.

Сонымен бірге "Мигрант" шарасының барысында іздеуде жүрген 85 қылмыскер ұсталды. Олардың арасынан 4 адам кісі өлтіргені, 1 адам қарақшылығы үшін іздеуде болған.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Мигрант" шарасы 1-қарашаға дейін созылады.

 

Шымкентте Ауғанстанның “қажылыққа апарушы” алаяқ азаматы қолға түсті

АЛМАТЫ. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат /Данияр Сейсенбаев/ - Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті қызметкерлері Шымкентте адамдарды қажылыққа апарамын деп алаяқтықпен айналысқан 36 жастағы Ауғанстан азаматын тұтқындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ОҚО-ның ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазірдің өзінде оңай жолмен ақша табуды көздеген Мирсаис Дадвалдың үстінен 10 мың долларға алданған 8 адам шағым айтып келді, ал алданғандардың саны одан да көп, дейді құқық қорғаушылар.

Тергеу барысында анықталғандай, қажылық сапарға ниеттенген әрбір мұсылманға көмек бермек болған ол Меккеге жету үшін адам басынан 700 доллар алып, жолаушыларды жарты жолда қалдырып кеткен екен.

Бүгіндері “қажылыққа апарушының” үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 177 бабы бойынша іс қозғалды.

Үкімет қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарының жұмысына мемлекеттің атсалысу мүмкіндігін арттыруға шаралар қолдануда.

Kazakhstan today

Үкімет қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарының жұмысына мемлекеттің атсалысу мүмкіндігін арттыруға шаралар қолдануда. Бұл туралы бүгін, 19-қазанда мәжілістің жалпы отырысына қатысқан республика үкімет басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Үкімет басшысының айтуынша, "бүгінде үкімет Шымкент мұнай өңдеу зауытының тағдырынан қалыс қалмауға талпыныстар жасауда, сонымен бірге Павлодар мұнай өңдеу зауытымен арадағы қарым-қатынасты да қайта қарамақшы". "Біз бұл бағытта таяу уақыттарда оң нәтижеге қол жеткіземіз деп сенемін. Ол нарықтағы жанармайға қатысты ахуалды тұрақтандырып, бағаны біршама арзандатуға мүмкіндік береді",- деді үкімет басшысы.

Сонымен бірге Д.Ахметовтың айтуынша, ҚР индустрия және сауда министрлігінің бәсекелестікті қорғау комитеті мен Табиғи монополияларды реттеу агенттігі 14-қазанда мұнай өнімдерін өндіру, сату және сақтаумен айналысатын рынок субьектілерін монополияға қарсы күрес заңнамасына бағыну тұрғысында кең көлемде тексере бастады. Бұл тексеру елдің барлық аймақтарында бір айға созылады, деді Д.Ахметов

Шымкент археологтары көне жазба ескерткіштерін тапты

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Шымкент археологтары Оңтүстік Қазақстанның Ордабасы ауданында көне жазба ескерткіштерінің бөлшектерін тапты. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл жәдігерлер біздің дәуіріміздегі І –VI ғасырлардан жетіп отыр. Сол дәуірде Ежелгі Шығыс мемлекеттерінде қыш тақталарға жазу тәсілі кеңінен тараған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мирас» университетінің археологиялық отряды күйдірілген қыш тақтасын Арыс өзені алқабында орналасқан Қылымжар деген жердегі көне қоныстан тапты. Мұнда зерттеу жұмыстарының жүргізілгеніне бірнеше жыл болды және табылған олжалар да аз емес. Тарихшылар, атап айтқанда, топ жетекшісі, профессор Николай Подушкиннің айтуынша, осында табылған жәдігерлердің негізінде ертеде осы аймақта болған Қаңлы мемлекеті тіршілігінің көптеген белгілері қалпына келтіріліп отыр.

Табылған қыш тақтада төрт қатар етіп жазылған 15 таңба анық көрінеді. Олар Күлтөбеден табылған көне жазба ескерткіштерінің белгілеріне ұқсас. Бұл - биылғы маусымда табылып отырған осындай екінші олжа.

Қызылорда облысында жанар-жағар май бағасы аспандап тұр

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат/Асқар Кіребайұлы/ - Қыркүйектің алғашқы күндерінен бастап Қызылорда облысында жанар-жағар май бағасы күрт көтерілді. Атап айтқанда, қазір олардың бұрынғы бағасының үстіне 8 теңге үстемеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қолдау департаментінің төрағасы Талғат Матаевтың айтуынша, қымбатшылық мұнай тасымалдаушы делдалдардың кінәсінен болып отыр. Әйтпесе, қыркүйектің басынан бері Шымкент мұнай өңдеу зауытында баға өзгере қоймаған көрінеді.

Қалай дегенде де билік тарапынан осы өсіп бара жатқан қымбатшылықты ауыздықтау әрекеті жасалып та жатыр. Десе де жанар-жағар майдың ең зәру кезі - егін жинау маусымы аяқталып келеді.

Инкассаторларды атып кеткен қарақшыларды ұстауға көмектескендерге бір миллион теңге сыйлық беріледі

ОЅТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі істер департаменті қыркүйектің 11-інде инкассаторларға жасалған шабуылды ашуға көмектескен адамға бір миллион теңге көлемінде сыйлық беруге уәде етіп отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Департаменттің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова хабарлады.

Жексенбі күні Төле би ауданында, Шымкент-Леңгір тас жолының бойында жанар-жағар май сатумен айналысатын фирмалардың бірінің инкассаторлық машинасы табылғанын ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын. Көліктің ішінде екі инкассатордың мәйіті табылған. Қарақшылар Шымкенттегі, Төле би және Сайрам аудандарындағы май құю стансаларынан жиналған мол ақшаны ұрлап, инкассаторларды атып кеткен.

Ішкі істер департаменті қылмысқа куә болуы мүмкін адамдардан көмек сұрап, олардың құпиялығын сақтауға уәде беріп отыр.

Мақта зауыттары мақта шикізатының бағасын арзандатпауы керек - мақта өңдеушілермен кеңес
ШЫМКЕНТ. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Болат Жылқышиев мақта саласын дамытуға арналған кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық Азиялық аймақтағы тоқыма өнеркәсібін дамыту мәселелері жөніндегі ірі форумға - «Өзбекстан тоқымасы -2005» ІІ өзбек халықаралық көрмесіне барып қайтқан Б.Жылқышиев көрмеден түйген ойлары мен алған әсерлерін бөлісті.

Бүгінгі кеңесте сондай-ақ зауыттардың мақта шикізаты үшін шаруаларға ұсынып отырған бағасына қатысты өзекті мәселе сөз болды.

Мақта терімі енді басталды, әзірге мақта киләсінің бағасы 42 теңгеден көтерілмей отыр. Былтырғы баға да осы деңгейде болған. Әкімдік мақта өңдеушілерге өз есептерін таныстырды: ірі сауда биржаларындағы бүгінгі бағаларды ескере отырып, зауыттар шаруалардан мақта киләсін 52 теңгеден арзанға сатып алмауы керек, деп санайды шенеуніктер.

Ал мақта өңдеушілердің бұған айтар өз уәждері бар. «Алдыңғы жылы біз мақтаның киләсін 92 теңгеден сатып алдық - бұл нарық. Біз сол кезде ешқандай жеңілдік сұрағанымыз жоқ. Бүгін біздің шығындарымызды ескере отырып, мақтаны қазіргі бағадан қымбатқа сатып ала алмаймыз», дейді «НИМЕКС» корпорациясы ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы Нұрлан Қаныбеков.

Б.Жылқышиев зауыт қожайындарына, олардың бірінші міндеті - шаруаларға көмектесу екенін, оларсыз мақта-тоқыма кластерін дамыту туралы әңгіме етудің негізсіздігін тағы та естеріне салды.

Шымкентте Бейбітшілік жорығы басталды
ШЫМКЕНТ. Тамыздың 8-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Бүгін Шымкентте «Жер мәйегі» дүниежүзілік қозғалысы аясында Бейбітшілік жаяу жорығы басталды. Оларға еріп жүретіндерді қоспағанда, жорыққа 80-ге жуық адам қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жорықты Шымкенттегі «СЕНІМ» қайырымдылық жастар клубының мүшелері ұйымдастырып отыр. Бұл қоғамдық бірлестік түрлі қашықтықтағы және бағыттағы жаяу жорықтар ұйымдастыру үшін еріктілердің басын бірнеше рет қосты. Саяхатшылардың есебінде онға жуық осындай жорық бар. Олар Оңтүстік Қазақстанның даласында, Тянь-Шанның солтүстік-батыс сілемінде, Маяқұм құмында, Шешенстанда, Меккеде, Бұқарада болып қайтты.
Бұл жолғы сапар Шымкенттен басталып, Тараз және Шу арқылы Алматыға бағыт алады. Жорыққа қатысушылар 35 күн жол жүреді. Олардың басты мақсаты - адамның адамгершілігін және денсаулығын жақсарту, бейбітшілік пен келісім қағидалары негізінде адамдардың бастарын қосу, дінаралық диалог жүргізу, рухани және мәдени құндылықтарды көпшілік арасына кеңінен насихаттау болып табылады.
Жорыққа қатысушылар жол бойында қатаң тәртіп сақтайды. Ұйымдастырушылардың жоспарлауынша, ең шыдамдылар келесі жорықта Меккеге аттанады.

Шымкентте жаңартудан өткен шина зауыты іске қосылды
АЛМАТЫ. Маусымның 27-сі. ҚазАқпарат /Данияр Сейсенбаев/ - Орталық Азияда шина жасаумен айналысатын бірден-бір кәсіпорын - Шымкент зауыты бүгін өз жұмысын қайта бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Интеркомшина" АҚ-ның атқарушы директоры Әлібек Төлемісовтың айтуынша, зауыт жүк автокөліктеріне арнап 11, жеңіл автокөліктерге арнап 13, ауылшаруашылығы техникасына арнап 7, "БелАЗ" сынды ірі автокөліктерге арнап 2 түрлі доңғалақ үлгілерін шығармақшы. Оның айтуынша, қазір зауытта доңғалақ жасайтын негізгі конвейер іске қосылып, өнім түрлері дәйектелуде.

2,5 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырған зауыттың өнімдеріне елімізден және Орталық Азия мемлекеттерінен сұраныс бар.

1975 жылы құрылысы басталып, 1980 жылы алғашқы өнімін берген аталмыш зауыт 1991 жылы 3 миллион дана доңғалақ шығарған.

Оңтүстік Қазақстан ұлттық бірыңғай тестілеуде 120 балл алған түлектер саны жағынан бірінші орын алды
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. Маусымның 16-і. ҚазАқпарат. Оңтүстікқазақстандық 12 мектеп түлегі ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижесі бойынша ең жоғары – 120 балл алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл республикадағы ең жоғары көрсеткіш.

Тестілеу «чемпиондарының» 4-уі – Сарығаштан, 2-уі – Түркістаннан, 4-уі – Кентаудан, екеуі – Шымкенттен. Бүгін олар және білім берген ұстаздары білім департаментінің ескерткіш сыйлықтарымен марапатталады.

Облыстық білім департаментінің директоры Ерғали Сармановтың айтуынша, облыс бойынша 725 оқушы 100-ден жоғары балл жинады, ал орташа балл көрсеткіші – 61. Өткен жылы бұл цифр 25 баллды құраған болатын.

Қалалық білім бөлімі тестілеу тапсырмаған түлектердің тағдырымен айналыспақ. Осындай 50 мектеп бітірушіні еңбекке орналастыруға 2,5 млн. теңге бөлінді.

Әсіресе, оқу ақысын өтей алмайтын тұрмысы нашар және көп балалы отбасыларының балаларын еңбекке орналастыруға ерекше көңіл бөлінбек. Бірқатар түлектерге шаштараз, санитар, жүргізуші мамандықтары курстарынан өтуге кеңес берілді.


 

 
 
Оңтүстік Қазақстан ОТД
Футбол бойынша 1-топ арасындағы Шымкент чемпионатының бейресми сайты

"Телеком-Интернет"
есеп шоттарға төлем жүргізу және қарау

Телекоммуникация саласын ырықтандыру арқылы Үкімет бағдарламасын іске асыру барысында, «Қазақтелеком» қалааралық және облыс аралық телефон сөйлесулердің тарификациясын 10-секундтық жүйге өткізді.

 
 
 
© Оңтүстік Қазақстан ОТД
 

Ақпаратты Технологиялар Орталығы
Web-мастер: Нуржан