Оңтүстік Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясы 2006 жылы
атқарылған жұмыстарының нәтижелерін қорытындылады
2007 жылғы наурыздың 2-сі күні Шымкентте «Қазақтелеком» АҚ-ның филиалы
Оңтүстік Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясында «Қазақтелеком» АҚ-ның
Маркетинг бойынша Атқарушы директоры-Бас коммерциялық директордың орынбасары Қ.Е.Омаровтың
қатысуымен филиалдың 2006 жылы атқарған жұмыстарын қортындылауға арналған
мәжілісі өтті.
Қ.Е.Омаров өзінің баяндамасында ОТД қызметінің оң нәтижелерін атап, жақын
арадағы болашақта филиалдың алдына қойылған мәселелер мен мақсаттар жөнінде
айтып өтті, сондай ақ, мәжіліске қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Қортынды Мәжіліске ОҚ ОТД-ның басшылары, қызмет, бөлім, орталық бастықтары мен
аудандық, қалалық телекоммуникациялар тораптарының директорлары қатысты.
2006 жылы атқарылған жұмыстардың қортындысы бойынша Бас директордың
орынбасарлары және іс басқарушы есеп берді. Сондай-ақ аудандық және қалалық
телекоммуникациялар тораптарының директорлары да өткен жылдың жұмыстарының
нәтижесін қорытындылап, қатысушыларға өздерінің есептерін көрсетті.
Қорытындылай келе, Оңтүстік Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясының
Бас директоры қатысушылардың алдында сөз сөйлеп, ОҚ ОТД-ның өткен 2006 жылы
атқарған жұмыстарының нәтижесін қорытындылап, 2007 жылға қойылған мәселелері мен
мақсаттарын белгіледі.
|