Экономика департаментінің Еңбек және еңбекақы бөлімінің бастамасы бойынша 20-24 қарашада Алматыда МДКО негізінде SAP жүйесінің НСМ модулін пайдаланушыларының Семинар-оқуы өтті (Human Capital Management – Адамдық Капиталды Басқару).

06.12.2006 жыл.

    Экономика департаментінің Еңбек және еңбекақы бөлімінің бастамасы бойынша 20-24 қарашада Алматыда МДКО негізінде SAP жүйесінің НСМ модулін пайдаланушыларының Семинар-оқуы өтті (Human Capital Management – Адамдық Капиталды Басқару). Семинар жұмысына Қоғамның барлық филиалдарының еңбек бойынша экономистері мен HR-бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты. Бұл Семинарға екі бағыттағы қызметкерлерді шақыру қажеттілігі Қоғам филиалдарында "Key Century" компаниясының SAP жүйесінің НСМ модулін енгізудің аяқталуынан және еңбек бойынша статистикалық есеп беру көрсеткіштерін қалыптастыруда бірегей көзқарас орнату қажеттілігінен туындады. Семинарға қатысушылар орталықтандырылмаған және автоматтандырылмаған тәсілдеме жағдайында адамдық фактордың ықпалынан тыс бүгінгі таңдағы осындай маңызды адамдық капиталды басқару сыяқты салада жұмыс жүргізуді айтарлықтай жеңлдетуге және сараптамалық ақпараттың сапасын арттыруға ықпал жасайтын осы жүйенің негізінде бұдан ары жұмыс жүргізудің бірегей стандарттарын жасады.

    Семинар аяқталарда «Қазақтелеком» АҚ филиалдарының қызметкерлері, Экономика департаментінің Еңбек және еңбекақы бөлімінің қызметкерлері – бөлім бастығы В.М.Денисова, бас менеджер В.А.Колесникова, менеджер М.Ш.Досмаилова, «Қазақтелеком» АҚ Қызметкерлерді басқару департаментінің қызметкерлері – Л.А.Қисамеденова, менеджер Ш.М.Жадрина және "Key Century" компаниясының SAP жүйесінің НСМ бағытының кеңесшілері – Б.Тұяқбаев, Х.Борықбаева, С.Исайчева қатысқан Дөңгелек стол болып өтті. Дөңгелек столда қол жеткізілген келісімдер бекітілді және Семинарға қатысушылардың мәселелері шешілді.