|
«Қазақтелеком» АҚ-ның филиалы Оңтүстік Қазақстан облыстық телекоммуникациялар
дирекциясының ұжымы сәуірдің 26-ы күні бірден үш қызметкерлерді-еңбек
ардагерлерін: 2-ші дәрежелі маман - Кощелникова Татьяна Гавриловнаны,
Оперативті басқару орталығының жетекші инженері Доманина Любовь Николаевнаны
және Техникалық пайдалану орталығының электромеханигі Миронова Лариса
Сергеевнаны құрметті демалысқа шығарып салды.
Олар бір кәсіпорында үздіксіз, әрқайсысы 40 жылдан жұмыс стаждарымен еңбек еткен.
Өздерінің адал және таза еңбектерімен байланыс саласының дамуына лайықты
үлестерін қосып, тек қана облыс орталығында ғана емес бүкіл облыс бойынша
байланысшылардың үлкен құрметіне ие болған адамдар.
Құрметті демалысқа шығарып саларда Филиал басшылары мен әріптестер ұзақ өмір,
зор денсаулық, сәттілік, бейбітшілік тілектерін білдірді.
|