Телекоммуникация желілерін дамыту және
жаңа технологияларды енгізу келешегі жөнінде
Оңтүстік Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясының дамыту
Бағдарламасына сәйкес 2007 жылы алға қойған жоспарлары мен міндеттері.
Белгіленген жоспарларымызға сәйкес, жалпы атқарылған жұмыстардың нәтижесі
келесідей: 36 жаңа сыртқа алшақ орнатылатын станцияларды орнату және жалпы
сыйымдылығы 17344 нөмірлік қолданыстағы сыртқа алшақ орнатылатын екі станцияны
кеңейту жұмыстары жоспарлануда. Бұл жоба жүзеге асырылған жағдайда нөмірлік
сыйымдылықтың өсімі 15288 құрайтын болады. Желінің қолданыстағы негізгі
ұйытқысының өткізу қабілеттілігін 1Gb 10 Gb-қа дейін арттыра отырып, Шымкент
қаласындағы Metro желісінің кеңейтілуімен MPLS технологиясының сүйемелдеуін
енгізу, жалпы сыйымдылығы 3344 ADSL портты жаңа IP DSLAM жабдықтарын орнату және
қолданыстағыларын кеңейту жұмыстары көзделуде. Шымкент қаласында Soft Switch
жабдығын орнату арқылы NGN желілеріне өтуіміз керек. Сонымен қатар, Wi-Max және
Wi-Fi жабдықтарының негізінде радиоқатынау желілерін ұйымдастыру жобасын жүзеге
асыруымыз қажет. Wi-Fi желілерінің құрылысы Шымкент қаласының аймағында Интернет
желісіне сымсыз қатынаудың 7 коммерциялық бұқаралық аймағын ашу мүмкіндігін
береді. 7000 нөмірлік “CDMA стандарттарының негізінде WLL технологиясы бойынша
сымсыз тіркелген радиоқатынауды ұйымдастыру” жобасын жүзеге асыру жұмыстары
жоспарлануда. Бұл жобамен байланыстың кәбілдік желілерінің құрылысы тиімсіз
аудандардағы, әсіресе Шымкент қаласы бойынша жаңа құрылысты аудандардағы, қала
шетінде орналасқан елдімекендердегі, шеткері жерлердегі, саяжай аймақтарындағы
тұрғындардан негізгі телефон аппараттарын орнатуға түскен өтініштерді
қанағаттандыру жұмыстары қарастырылған.
Аудан орталықтары мен ауылдық телефон байланысы бойынша:
Жалпы сыйымдылығы 11392 нөмірді құрайтын 9 жаңа сандық АТС, 7 сыртқа алшақ
орнатылатын станцияларды орнату және 10 станцияның нөмірлік сыйымдылығын ұлғайту
жоспарланған. Нөмірлік сыйымдылықтың өсімі 15288 құрайтын болады.
Нәтижесінде, 2007 жылдың соңына нөмірлік сыйымдылықтың өсімі 8160 нөмірді және
464 ADSL портты құрайтын болады.
Осы істерді атқарғаннан соң ОҚ ОТД бойынша станциялардың сандық деңгейі 67,5%
құрайды.(311 АТС-тің 210 сандық)
2007 жылдың мамыр айына телефон орнатуға берген арыздар саны – 25861, соның
ішінде Шымкент қаласы бойынша – 11 938.
Нәтижесінде, 2007 жылдың соңына ОҚ ОТД бойынша нөмірлік сыйымдылықтың өсімі
31288 нөмірді құрайтын болады.
Бас директордың орынбасары - Техникалық директор Әубәкіров Ү.Ж.