|
Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мемлекеттік тілдің қолданылу
аясын кеңейту және оны дамыту мақсатында жергілікті және аумақтық органдарда,
кәсіпорындарда қызмет істейтін аудармашылар арасында «Үздік аудармашы» атты
байқау ұйымдастырды.
Осы байқауға ОҚ ОТД-ы энергетика және климатехника орталығы бойынша іс-қағаздарды
жүргізуге жауапты электромеханик Ерғали Лесбекұлы Түймебаев қатысты. Әділ
қазылардың шешімімен Е.Л.Түймебаев екінші орынды иеленіп, сыйлыққа музыкалық
орталықпен және дипломмен марапатталды.
Өзінің білімімен Е.Л.Түймебаев «Қазақтелеком» АҚ-ның филиалы ОҚ ОТД-ның мерейін
көтеріп қайтты. Біз өзіміздің қызметкеріміздің табысына өте қуаныштымыз.
|