|
2007 жылғы маусымның 9-ы күні “Қазақтелеком” АҚ-ның филиалы – Оңтүстік
Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясында “Қазақтелеком” АҚ-ның
филиалы – Оңтүстік Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясында “Біз,
ертегіні өмірде болған аңызға айналдыру үшін туылғанбыз” тақырыбы бойынша
құрылымдық
бөлімше қызметкерлерінің балалары арасында өткізілген байқауға қатысқан байланыс
қызметкерлерінің балалары үшін мереке өткізілді.
Байқауға жасына қарай үш топқа бөлінген ОҚ ОТД қызметкерлерінің балалары
қатысты: - 5 – 7 жастағылар (кіші), - 8 – 11 жастағылар (орта), - 12 – 14
жастағылар (ересек).
Байқаудың тақырыптары:
- “Бүкіл планетаның алдында”. Жарнамалық плакаттың жанрында “Қазақтелеком”
АҚ-ның жақын арадағы жылдардың ішінде қандай болатынын айқындайтын, “трансұлттық
телекоммуникациялық корпорацияның” – қызметкері – телекомшының бейнесін көрсету.
Телекомшылардың және олардың отбасыларының жұмыс тіршілігі мен мерекелері туралы
сюжеттік көрініс.
- “Мен сені сүйемін, өмір”. Қоршаған ортаға махаббатты таныту тақырыбы: үйге,
жақын, туған-туыс адамдарға, жора жолдастарына, мұғалімдерге және жай ғана
бейтаныс адамдарға. Жануарларға, ормандарға, кең далаға, өзендерге және шөлдерге
– отаным деп аталатын барлық тіршілікке деген махаббат пен қамқорлық туралы.
- “Ертегі өтірік, бірақ онда мейірімді азаматқа сабақ болар лебіз бар" Тақырыб
барлық жақсы армандардың орындалатын, соғыс пен көздің жасы жоқ, балалардың
бүкіл әлемде еркін саяхаттап жүретін қиялдардың сиқырлы әлемі туралы.
Мерекеге Шымкент қаласында тұратын балалармен бірге аудан орталықтарында тұратын байланыс қызметкерлерінің де балалары ата-аналарымен келді. Бұл үлкенге де, кішіге де өте қызық, қуанышқа тола мереке болды. Біздің балаларымыз үшін Шымкент облыстық драма театрының актерлері – пері мен күлкілі майрампаздар өз өнерлерін көрсетті. Балалар әр-түрлі ойындар ойнап, ән айтып, би биледі. Байқауға қатысқан балалар «Қазақтелеком» АҚ-ның Орталық аппаратынан және ОҚ ОТД-ның кәсіподақ комитетінен, басшылардың атынан сыйлықтар алды.
|