“Қазақтелеком” АҚ-ның филиалы - Оңтүстік Қазақстан облыстық
телекоммуникациялар дирекциясында құрылымдық бөлімше іс-жүргізушілеріне арналған
кезекті мемлекеттік тілді оқыту курсы басталды
Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы” Заңының
негізгі ережелерін іске асыру мақсатында және “Қазақтелеком” АҚ-ның іс
қағаздарына мемлекеттік тілді енгізудің 2007 ж. арналған бағдарламасын дамыту
жөніндегі іс-шаралар жоспары негізінде, Оңтүстік Қазақстан облыстық
телекоммуникациялар дирекциясының қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылату,
мемлекеттік тілде әзірленген құжаттардың сапасын арттыру үшін, 2007 жылдың І
тоқсанында бас кәсіпорын қызметтерінің, бөлімдерінің, орталықтарының іс-жүргізушілеріне
арналған мемлекеттік тілді оқыту курсын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде іс-жүргізуші қызметкерлерден екі топ құрылып,
жалпы саны 24 адам наурыздың 27-нен бастап оқуды бастады. Олар техникалық
құралдармен және әдебиеттермен жабдықталған, жан-жақты жағдайлар жасалған арнайы
«Қазақ тілі» кабинетінде білім алуда.
ОҚ ОТД-ның әкімшілігі