Жаңалықтар.
2007 жылғы маусымның 7-сі күні “Қазақтелеком” АҚ-ның филиалы – Оңтүстік
Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясында Қазақстан Республикасындағы
саясаттық бастамаларды және конституциялық реформаларды қолдау бойынша ұжымдық
жиналыс өткізілді. Ұжымдық жиналысқа Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Б.Қ.Бөрібаев,
ОҚО бойынша ҚР Агенттігінің ақпараттандыру және байланыс жөніндегі Басқарманың
бастығы М.М.Жүнісбеков және өндірістік бөлімшелердің қызметкерлері қатысты.
Жиналысқа қатысқан қызметкерлер қоғам арасында жүргізіліп отырған саясаттық
қайта құрылымдарды және демократиялық процестердің әрі қарай дамуын
қолдайтындары жөнінде белсенді түрде сөз айтты. ОҚ ОТД-ның Бас директоры Н.А.Бектұрсынов,
шақырылған қонақтар, ОҚ ОТД бас кәсіпорынның кәсіподақ комитетінің төрайымы Н.М.Ахметғалиева,
телекоммуникация желілерін дамыту бөлімінің бастығы Ә.Ө.Қоңыратбаев және тағы да
көптеген қызметкерлер сөз сөйледі. Олардың барлығы біздің мемлекетіміздегі
конституциялық реформалар бойынша Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамаларын
қолдады. Елбасының Негізгі Заңға енгізген ұсыныстары мен түзетулері Републикамыз
президенттіктен – президентті-парламенттікке ауысқанда мемлекеттік басқарманың
жалпы пішінін өзгертеді. Парламенттің, саясаттық партиялардың, азаматтық
қоғамдардың рөлі артады. Елбасымыз парламент депутаттарының алдында сөз сөйлеу
барысында «Саясатты ырықтандыру процестерінің – азаматтық қоғамның дамуысыз
жүзеге аспайтынын» атап өтті. Қазіргі уақыттағы Негізгі заңға енгізіліп отырған
ұсыныстар мен түзетулер біздің Республикамыздың саясаттық деңгейін ғана көтеріп
қоймай, барлық Қазақстандықтардың өмір сүру деңгейіне оң әсерін береді, сондай
ақ, бейбітшіліктің әрі қарай нығаюына себепші болады.
Бұл барлығымызға да өте маңызды құжаттар, себебі бұл біздің болашағымыз, яғни
ұрпағымыздың болашағы.
|