“Қазақтелеком” АҚ-ның филиалы - Оңтүстік Қазақстан облыстық
телекоммуникациялар дирекциясында 2007 жылғы сәуірдің 13-і күні
БК бөлімшелерінің және АТТ/ҚТТ-ның іс-жүргізушілеріне
арналған семинар-мәжіліс өткізілді.
Құжаттардың сапалы түрде әзірленуі, сондай ақ, іс-жүргізу бойынша жұмыстарды
реттеу мақсатында, 2007жылғы сәуірдің 13-і күні ОҚ ОТД БК бөлімшелерінің және
АТТ/ҚТТ-ның іс-жүргізушілеріне арналған семинар-мәжіліс өткізілді. Семинар
қызметкерлердің біліктілігін жоғарылату бойынша жоспарланған іс-шаралардың
шегінде келесі тақырыптар бойынша өтті: кадрлық және жалпы іс-қағаздар,
хаттамалық тапсырмалардың, Жоспарлар ДҚ-ғы іс-шаралардың орындалуын қадағалау
және бақылау, электронды құжатайналым бойынша жалпы мәселелер (ЖҚҚ, Жоспарлар ДҚ-ғы
жалпы хат-хабарлар, Компьютерлік сауаттылықтың және Lotus Notes электронды
құжатайналымдағы бағдарламалардың негіздері, ОҚ ОТД мамандарының компьютерлік
сауаттылығын анықтау үшін қашықтан оқыту жүйесін өңдеу және енгізу туралы.
Семинар-мәжіліске барлығы 26 іс-жүргізуші қатысты. Семинардың өткізілу барысында
қызметкерлер бір-бірімен тәжірибе алмасып, электронды құжатайналымдағы жаңа
әдістемелерді үйренді, жаңа білім және қойған сұрақтарына жауаптарын алды.
Семинардың қорытындысы бойынша компьютерлік бағдарламалармен тәжірибелік
сабақтар өткізіліп, оқудың ойға қонымды өткізілуін анықтау үшін сынақ қабылданды.
ОҚ ОТД-ның әкімшілігі