«Қазақтелеком» АҚ-ның филиалы Оңтүстік Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясында байланысшылар болып істеген бұрынғы жұмысшылар -тылда еңбек еткендер және Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету жиыны өтті.

9 Мамыр қарсаңында «Қазақтелеком» АҚ-ның филиалы - Оңтүстік Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясы басшылығы және кәсіподақ комитеті байланысшы болған бұрынғы жұмысшыларды-Ұлы Отан соғысы ардагерлерін және тылда еңбек еткендерді, Совет халықтарының табанды ерліктері арқасында Германияның ұлтшылдық құрсауын жеңгенін айтып, Ұлы жеңістің 62 жылдығымен дәстүрлі құттықтады.

ОҚ ОТД-ның Бас директоры Н.А.Бектұрсұнов жиналғандарға өзінің сәлемдеме сөзінде: ардагерлерді мерекелерімен жылы құттықтап, оларға мықты денсаулық және ұзақ өмір тілегін білдірді.

Бүгінгі күнде Ұлы Отан соғысына қатысушылар-18 адам және тылда еңбек еткендер – 24 адам Оңтүстік Қазақстан ОТД-да есепте тұрады. Өкінішке орай, өздерінің денсаулықтарына байланысты мерекеге барлығы тегіс қатыса алмады . Дастархан басына жиналғандар ескі әскери дәстүр бойынша «майдандық» тостар көтеріп, жастық шақ кездеріндегі әндерін естіп, ер жүрек ардагерлер жангешті соғыс жылдарын және соғыста құрбан болған жолдастарын еске алды. Барлық ардагерлерге ақшалай материалдық көмек берілді.

DSCN0551.jpg
DSCN0551
DSCN0552.jpg
DSCN0552
DSCN0553.jpg
DSCN0553
DSCN0555.jpg
DSCN0555
DSCN0556.jpg
DSCN0556
DSCN0557.jpg
DSCN0557
DSCN0558.jpg
DSCN0558
DSCN0559.jpg
DSCN0559
DSCN0560.jpg
DSCN0560
DSCN0561.jpg
DSCN0561
DSCN0562.jpg
DSCN0562