2007 жылғы маусымның 12-13 аралығында Шымкент қаласында біліктілікті
жоғарылату аймақтық курстарының оқу жоспарына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл
облыстарының коммерциялық блок қызметкерлері үшін «Нарықты сегментациялау. ОҚО
нарығында телекоммуникация қызметтерін жайғастыру» тақырыбы бойынша курстар
өткізілді. Курстарды жүргізген ОҚ ОТД-ың маркетологы – маркетинг бөлімінің
жетекші маманы - Гүлмира Бакуқызы Сейданова.
Екі күннің ағымында әріптестер біліктілік деңгейін жоғарылатуымен қатар,
кәсіптік тәжірибе жөнінде де пікір алысты. Сабақтар бейресми жағдайда өткізілді.
Тыңдаушыларға нарықты сегментациялау, жоғары табысты сегменттерде жұмыс жүргізу
ережелері, әртүрлі сегменттерде маркетингтің стратегиясы жөнінде қызықты және
пайдалы мағлұмат ұсынылды. Екі ОТД-ның өкілдері абоненттерді сауалнамадан өткізу,
жаңа қызметтерді өткізуге байланысты мәселелер бойынша, тұтынушылардың
ниеттестігін жоғарылату жөнінде талқылауға белсенді түрде қатысты. Теориялық
мағлұмат практикалық сабақтармен тренинг түрде іскерлік ойындарды пайдалану
арқылы бекітілді.
Үйрету кезеңінде тыңдаушылар практикалық тәжірибесінің терең білімін көрсетті,
сынақтаманың нәтижелері ойдағыдай жоғары болып шықты.