Облыс әкімінің бастамасымен біздің облыста 2007 жылғы тамыздың 1-нен 14-і
аралығында, алда тұрған оқу жылына табысы аз отбасылардың балаларын қолдау
бағытында «Қамкорлық» акциясы жүргізілді.Осы акцияға қатысты, барлық аудандар
орталықтарында және Шымкент қаласында қайырымдылық іс-шаралар өткізілді.
«Қазақтелеком» АҚ-ның филиалы-Оңтүстік Қазақстан облыстық телекоммуникациялар
дирекциясының ұжымы, «Қамқорлық» акциясына қатысып және ОҚО Арыс ауданындағы
табысы аз отбасылардың 10 балаларын жаңа оқу жылына дайындады. Шымкент қаласының
байланысшылар кәсіподақ комитеті мен Оңтүстік Қазақстан ОТД қызметкерлері Арыс
қаласында тамыздың 14-і күні өткен мерекеге қатысып, балаларға жақсы сыйлықтар-
мектеп формасын, спорттық костюмдер, қыстық, күздік және жаздық киімдер және аяқ
киімдер табыстады.