Қазақстан Республикасында қалааралық кодтартың ауысуы мен ішкі зоналық
байланыстарды теру тәртібінің өзгеруі
Қазақстанның жетекші телекоммуникациялық операторы “Қазақтелеком” АҚ 2007
жылдың 5-тамызы Астана уақыты бойынша сағат 3.00-де Қазақстан Республикасындағы
қалааралық кодтарды ауыстыру шеңберінде бірқатар шаралар өткізбек. Қазақстанның
барлық қалалары мен облыс орталықтарының кодтарының нөмірлерінде тек алдыңғы
цифр өзгереді, яғни “3” саны “7” болып өзгереді де, келесі екі цифр өзгеріссіз
қалады. Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің бұйрығына
сәйкес, ірі телекоммуникациялық компания “Қазақтелеком” республиканың
телекоммуникация желісін нөмірлеу жоспарына сәйкес АВС 3-ші жүздік тобын босату
және кодтардың 7-ші жүздік тобына ауысу жөнінде бірқатар ұйымдастыру және
техникалық шараларды жүзеге асырмақ.
Қазіргі уақытта бүкіләлемдік нөмірлеудің 7-ші зонасында – Қазақстан Республикасы
мен Ресей Федерациясы тұр. Ресейде “3ХХ” 23 АВС коды іске қосылған. Қазақстанда
географиялық жағынан анықталатын нөмірлеу зонасын белгілеу үшін АВС “3ХХ” 18 код
іске қосылған – бұл ҚР облыс орталықтарының 14 қалааралық АВС кодтары, екі код –
маңындағы аудандармен Астана мен Алматы қалаларынікі, екі код – Жезқазған мен
Семей қалаларынікі. Мәселен, Алматы қаласының қалааралық коды – 327, ал Астана
қаласынікі – 3172.
Бүкіләлемдік нөмірлеудің 7-ші зонасының ресурстарын пайдалануды реттеу
мақсатында Қазақстан Республикасының Ақапараттандыру және байланыс агенттігі мен
Ресей Федерациясының Ақпараттық технологиялар және байланыс министрлігі арасында
2006 жылдың 17-маусымында Қазақстан мен Ресей арасында нөмірлеу ресурсын бөлетін
Келісімге қол қойылды.
Бұл Келісміге сәйкес, Қазақстанға “7” мен “6” цифрларынан басталатын кодтар, ал
Ресейге – “3”, “4”, “5”, “9” цифрларынан басталатын кодтар бекітіліп берілді.
Қазақстанның халықаралық кодының “3” санын “7” санына ауыстыру республикада
нөмірлеу ресурстарын пайдалануды реттеуге және өзге бүкіләлемдік нөмірлеу
зоналарын маршруттауды жеңілдетуге әкеледі. Сонымен қатар, Қазақстанға бекітіліп
берілген нөмірлеу ресурсы 200 кодқа дейін артады. Мәселен, Астана қаласының
кодты теру тәртібі – 7172, ал Алматынікі – 727, Шымкент қаласынікі-7252 болады.
Қазақстанның барлық қалалары мен облыс орталықтарының код нөмірлерінде тек
бірінші цифр ғана өзгереді, яғни “3” саны “7” болып ауысады, ад одан кейінгі
цифрлар өзгеріссіз қалады.
Ішкі географиялық аймақта бір ауданнан екіншісіне байланысу кезінде де кодты
теру тәртібі өзгереді. Мәселен, Сарыағаш қаласынан Түркістан қаласына (Оңтүстік
Қазақстан облысы) қоңырау шалу үшін қазіргі уақытта абонент «8-2-33-ХХХХХ»
сандарын тереді, ал қайта қосудан кейін «8-725-33 ХХХХХ» сандарын теруі тиіс.
Тағы бір мысал, Шымкент қаласынан Сарыағаш қаласына қоңырау шалу үшін қазіргі
кезде абоненттер «8- 2-37 ХХХХХ» тереді, ал терудің жаңа түріне өткеннен кейін
«8 - 725 -37 ХХХХХ» деп теру қажет.
“Қазақтелеком” АҚ Қазақстанның жетекші операторы ретінде “Қазақтелеком” АҚ
желілерінде пайдаланылатын коммутациялық жүйелердегі қажетті жұмыстарды
жүргізуде. Компания қондырғы жеткізуші фирмаларға тиісті сауалдар жолдады және
желілерді жаңа кодтарға әзірлеу және ауыстыру тәртіптемелері бойынша ұсыныстар
алды.
Трафикті жоғалтуды болдырмау мақсатында халықты және жергілікті, қалааралық,
халықаралық және ұялы байланыс операторларын хабардар ету бойынша ауқымды науқан
жүргізбек. Қызмет орталықтарында, байланыс бөлімшелерінде, қызмет төлемдеріне
арналған түбіртектердің артына мәліметтер орналастыру, абоненттердің пошта
жәшіктеріне ақпараттық парақшалар тарату, Call орталықтарда арнайы
автоинформаторлар ұйымдастыру арқылы халыққа кодтардың ауысқаны туралы хабар
беріледі.
Бұқаралық ақпарат құралдарында ескі “3ВС” кодының мәнісі және “жаңа “7ВС” кодын
енгізу мерзімін, ішкі зоналық «8-2-авХХХХХ» теру тәртібінің «8-АВС ав ХХХХХ»
болып өзгеруін көрсете отырып ресми мәліметтер жарияланады.
Жаңа қалааралық кодтарды енгізгеннен кейін екі ай ішінде ескі теру тәртібі
күшінде болатынын айта кеткен жөн.
Жалпы алғанда, Қазақстан мен Ресей нөмірлеудің жиынтық зонасында бірігіп әлемдік
ресурстың 1/9 бөлігін иеленеді.
«Қазақтелеком» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі
|