"Қазақтелеком” АҚ-ның филиалы – Оңтүстік Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясы бас кәсіпорнының кәсіподақ комитетінің ықыласы бойынша Шымкент қаласының АҚТС ғимаратында орналасқан спорттық-сауықтыру орталығында фитнес-аэробика, шығыс және эстрадалық билер бойынша жаттығулар басталды. Филиал ұжымының нәзік жандарының жұмыс күні аяқталған соң көңілдерін сергітіп, би билеп, спортпен айналысып, жақсы әсер алып қайту мүмкіндіктері бар. Дене тұлғасына қарау – ешқашанда артық болмайды, алдағы уақытта ыстық жаздың күндері мен еңбек демалыстарының кезеңі келе жатыр. Жаттығулар аптасына екі рет өткізіледі және қызметкерлердің қызығушылығы арта түсуде.

DSCN0100.jpg
DSCN0100
DSCN0102.jpg
DSCN0102
DSCN0104.jpg
DSCN0104