Ауыл абоненттері қазіргі заман талабына сай байланыс қызметтерін жәнеоның барлық ерекшеліктерін пайдалануы қажет.

 «Қазақтелеком» АҚ-ның филиалы - Оңтүстік Қазақстан облыстық елекоммуникациялар дирекциясының негізгі міндеттері жаңа технологияларды енгізу, ұсынылатын қызметтердің спектірін кеңейту, тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру және олардың мұқтаждылығын толық қанағаттандыру есебінен нарықтың әрбір мақсатты сегментінде өзінің күш жігерін шоғырландыра отырып, оның ырықтандырылу шарттарында өз үлесін арттыру және ұстанымды нығайту болып табылады. Филиалдың басты мақсаты Қоғамды клиентті-бағдарланған, қазіргі заман талабына сай, жоғарғы технологиялық компания ретінде ұстанымдылығын арттыру.

Қазіргі уақытта «Қазақтелеком» АҚ-ы бизнес-жобалармен қатар ауыл байланысын дамыту, мектептерді интернетизациялау және радио мүмкіншілік арқылы, жаңа технологияларды енгізу арқылы телекоммуникация қызметтеріне деген қолда бар сұранысты қанағаттандыру, сондай ақ, халықтың кең жұртшылығының қызметтерге қол жеткізілімін арттыру бойынша әлеуметтік мәселелерді шешуде.

Компания 2004-2010жж ауыл аймақтарын дамыту, 2005-2010жж білім саласын дамыту бойынша, кедейлікті төмендету, ақпаратты теңсіздікті жою жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалардың жүзеге асырылуына белсенді түрде қатысуда.

Оңтүстік Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясы 2006 жылдың 11 айында Созақ аудандық телекоммуникациялар желілерін жаңартуға, дамытуға 59,7 млн теңге көлемінде қаржы жұмсады. Аудан орталығындағы аналогты АТС сыйымдылығы 1888 нөмірлі SI2000 стансасына жаңартылды. Шолаққорған-Шымкент аралықтарына жаңа сандық радио-релейлік желілер іске қосылды. Қарағұр ауылының аналогты стансасы cыйымдылығы 312 нөмірлі жаңа электронды DRX-4 стансасына ауыстырылды. Таукент ауылына сыйымдылығы 600 нөмірлі жаңа электронды МС-240 стансасы орнатылып, нөмірлік сыйымдылығы 288 нөмірге кеңейтілді. Сондай ақ, Қыземшек ауыл станциясының нөмірлік сыйымдылығы да 64 нөмірге ұлғайтылды. Жақын арадағы уақытта Тайқоңыр ауылына жаңа электронды АТС, жерсеріктік байланыс жүйесімен бірге орнатылады. «Қазақтелеком» АҚ-ы 2006 жылы Созақ ауданының өндірістік ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстарын жасауға 45 млн. теңге, ал желілі-кәбілдік шаруашылығын күрделі жөндеуге 2,4 млн. теңге қаражат бөлді және бүгінгі күнге сол қаражаттар түгел игерілді.

2006 жылы Созақ ауданында қызметкерлердің жұмысқа белсенді қатысуымен телекоммуникация желілерін жаңарту, құрылыс жүргізу жөнінен ауқымды жұмыстар атқарылды, бірақ 2007 жылға да маңызды жұмыстардың іске асырылуы жоспарлануда. Атап айтқанда, 2007 жылдың күрделі салымдар бюджеті бойынша аудан орталығында Шолаққорған АТС-ін 224 нөмірге кеңейту және “Metro Ethernet” желісін соғып, 24 ADSL порты бар IP DSLAM жабдығын орнату.

Оңтүстік Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясында 2006 жылдың 1-ші желтоқсанына телекоммуникация қызметтерін ұсыну бойынша белгіленген жоспар 105 пайызды құрады, 2005 жылдың деңгейімен салыстырғанда өсімі 122 пайыз. Сонымен қатар, телекоммуникация желілерінде 16634 негізгі телефон аппараттары орнатылды, өсімі 13492 бірлікке қамтамасыз етілді.

Созақ аудандық телекоммуникациялар торабында автоматтандырылған сөйлесу пунктін орнату есебінен халықаралық, қалааралық сөйлесулерді ұсыну қызметі автоматтандырылды. Автоматтандырылған сөйлесу пунктінің жабдығын орнату нәтижесінен тұтынушыларға қызмет көрсету уақыты қысқартылды, мысалы, бұрын тұтынушылар сөйлесудің ұсынылуын 1 сағат бойы күткен болса, қазір олар сөйлесу төлемақысын аванс ретінде төлегеннен кейін, қажет бағытты өзі теріп сөйлесе береді. Есеп айырысу жүйесі де, ешқандай қағаз толтырусыз автоматты түрде орындалады. Аталған жабдық қызмет көрсету деңгейін жоғарылатуға, тұтынушыларға қызметтерді қол жеткізімді етуге мүмкіндік берді. Аналогты стансалардың цифрлы стансаларға ауыстырылуы ұсынылып отырған қызметтердің сапасын, Интернет желісіне шығу жылдамдығын арттырады, сондай ақ, олардың көлемін кеңейтеді, яғни қосымша қызмет түрлерін пайдалануға мүмкіншілік береді.

Байланыстың қазіргі заман талабына сай, жаңа технологиялары мен

құралдары – бұл қоғамның орнықты дамуын қамтамасыз ету жөніндегі Үкіметтің

алға қойған міндеттерін шешудегі қуатты тұтқа. Оңтүстік Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясы белгіленген тапсырмаларды орындай отырып, халықтың болашағына арналған қызметін дамытуға және жақсартуға бар күш жігерін жұмсайды деп сенім білдіреді.

 

Оңтүстік Қазақстан облыстық
телекоммуникациялар дирекциясының әкімшілігі.

building_resize.JPG
building_resize
DSCN9013_resize.JPG
DSCN9013_resize
DSCN9038_resize.jpg
DSCN9038_resize
DSCN9048_resize.jpg
DSCN9048_resize
DSCN9054_resize.jpg
DSCN9054_resize
DSCN9057_resize.jpg
DSCN9057_resize
DSCN9060_resize.jpg
DSCN9060_resize
DSCN9062_resize.JPG
DSCN9062_resize