«Қазақтелеком» АҚ-ның филиалы - Оңтүстік Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясында 2007 жылғы маусымның 19-20 күндері сертификатталған сапа менеджменті жүйесіне инспекциялық аудит өткізілді.

Аудиттің қорытындысы бойынша «Сараптау және сертификаттау Ұлттық Орталығы» Батыс Қазақстан филиалының эксперт-аудиторы Ләззат Аманкелдіқызы Бекбосынова «Қазақтелеком» АҚ-ның филиалы – Оңтүстік Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясы ҚР-ның ИСО 9001-2001 стандартының талаптарына сәйкес деп қорытынды шығарды. Сапа менеджменті жүйесіне сәйкестік сертификаты үш жыл мерзімге беріледі және ол жыл сайын расталуын қажет етеді, сондықтан бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясы үшінші рет қолданыстағы сапа менеджменті жүйесінің ҚР-ның ИСО 9001-2001 стандартының талаптарына сәйкестігін растады. Инспекциялық бақылауды өткізген эксперт-аудитор филиалдың барлық деңгейдегі қызметкерлерінің сапа менеджментінің процестеріне жүйелі көзқарас танытып, жүйенің әрі қарай жақсаруына белсенді түрде араласуын атап өтті. Телекоммуникация саласының ырықтандырылу шарттарында компанияның бәсекеге қабілеттілігін сақтап қалу және ұсынылып отырған қызметтердің сапасын кепілдемелі түрде қамтамасыз ету мәселелері компанияның ағымдағы жылдағы маңызды міндеттерінің бірі болып табылады. Сертификат өндірісте реттелген жүйенің, мекеме басқармасында процестік қарым-қатынастың болуын растайды. Ал ең бастысы, қолданыстағы жүйенің негізіне енгізілген мақсат – оны үнемі жақсарту және жетілдіру жұмыстарын әрі қарай жүргізу.

DSCN1036.jpg
DSCN1036