2007 жылғы сәуірдің 24-і күні «Қазақтелеком» АҚ-ның филиалы -Оңтүстік Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясынында мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдері -телефоншылар арасында «Үздік телефоншы» байқауы өтті. Шымкент қаласындағы Тұтынушыларды ақпараттық қолдау және сапалы қызмет орталығы және Түркістан аудандық телекоммуникациялар торабының телефоншылары байқауға қатысты. Үміткерлер қазақ тілінде қажетті ақпараттық анықтамаларды тұтынушыларға ұсыну және тиісті деңгейде тілдесу қабілеттіліктерін көрсетті.
«Қазақтелеком» АҚ-ның мемлекеттік тілді іс қағаздарына енгізу бағдарламасының кезекті кезеңіне сәйкес, тұтынушылар қандай тілде сұраныс және үндеу жасаса оларға сол тілде қызмет көрсетіледі .
Қатысушылардың тапсырмалары:өзі және жұмысы туралы таныстыру, үміткерлер өз ара жоғары деңгейде сауатты және телекоммуникациялар қызметін ұсынуда тұтынушылармен сұхбаттасуды кәсіптік шеберлікпен құруды, қатысушы әріптестеріне қазақтың халық мақал -мәтелдерін айтуда өздерінің білімділіктерін көрсетіп жарысты.
Байқауға қатысушылар дайындаған әдемі билер мен әндер көрермен әріптестерге қосымша тосын сыйлық болды.
Үміткерлер байқаудың шарттарында көрсетілген тапсырмаларды орындап болғаннан кейін,әділ қазылар алқасының әділ бағалауымен шешім қабылданып, үздік телефоншы анықталды: бірінші орынға Түркістан аудандық телекоммуникациялар торабының телефоншысы Үлметаева Ғалямнұр ие болды, екінші және үшінші орындарды Шымкент қаласының телефоншылары Дерягина Елена және Недорослева Наталья иеленді.
Осындай байқауларды өткізу, «Қазақтелеком» АҚ-ның Оңтүстік Қазақстан филиалында мемлекеттік тілді әрі қарай дамыту және мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, сол бағытта жұмыстардың белсенді түрде атқарылуына ерекше көңіл бөлінгендігін көрсетеді.
 

DSCN0155.jpg
DSCN0155
DSCN0156.jpg
DSCN0156
DSCN0157.jpg
DSCN0157
DSCN0160.jpg
DSCN0160
DSCN0171.jpg
DSCN0171
DSCN0189.jpg
DSCN0189
DSCN0203.jpg
DSCN0203
DSCN0206.jpg
DSCN0206