Оңтүстік Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясында
200 000 негізгі телефон аппаратын атап өтудің Пресс-релизі

«Қазақтелеком» АҚ-ның филиалы – Оңтүстік Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясына (ОҚ ОТД) ағымдағы жылдың сәуір айы айрықша, маңызды оқиға - желіге 200 000 (екі жүз мыңыншы) телефонды қосумен ерекшеленді. Компания үшін айтулы телефонның иесі болып Арыс қаласының абоненті - Жайнакүл Сәрсенқызы Сыдықова танылды.
Компанияның басшылығы аталған абонентке қазіргі заман талабына сай көп функционалды телефон аппаратын сыйға тарту және алдағы 12 айдың ағымында барлық бағыттар бойынша қалааралық және халықаралық сөйлесулерге 20 %-дық жеңілдікті ұсыну жөнінде шешім қабылдады.
Телекоммуникация желілерін дамыту бойынша жоспарлы жұмыстарды орындау, тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын жоғарылату және олардың қажеттілігін толық қамтамасыздандыру, жаңа технологияларды енгізу және ұсынылып отырған қызметтердің спектрін кеңейту жұмыстарының нәтижесі 200 000 телефонды орнату мәресіне жеткізді.
Оңтүстік Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясы алдағы уақытта да телекоммуникация желілерін дамыту жұмыстарын тұрақты түрде жүргізетін болады. Ендеше, дамудың 2007 жылғы басымды жобалары келесідей:
- жаңа АТС-ді орнату және қолданыстағыларды кеңейту есебінен, сонымен қатар, Шымкент қаласында 39 жаңа мультисервистік абоненттік қатынау шкафтарын орнату есебінен телекоммуникация желілерін 24288 нөмірге дамыту;
- бөлінген желі және ADSL технологиясы бойынша Интернет желісіне жоғары жылдамдықпен сапалы түрде қатынауды ұсыну;
Осы жылы телефон орнатуға қатысты ағымдағы сұранысты қанағаттандыру үшін дәстүрлі желілік-кәбілдік шаруашылықты пайдаланудан басқа, CDMA стандарты негізінде WLL технологиясы бойынша желісіз қатынау қызметін қолдану жұмыстары жоспарлануда. Бұл технология «Қазақтелеком» АҚ-ның телекоммуникация желілері жоқ немесе жартылай бар Шымкент қаласының аудандарында телефон орнату үшін арналған. Бұл жобамен қала бойынша базалық станцияларды орнату және 7,0 мың телефонды жүйеге қосу жұмыстары көзделуде.
Абонент аталған қызметке GSM телефондары үшін SIM-картаға ұқсайтын қолданушының ауысымды сәйкестендірме карточкасы – R-UIM пайдалана алатын телефонның көмегімен қосыла алады. Абоненттердің мұқтаждылығына қарай, тек дауысты немесе тек дауыс пен факсті немесе дауыс, факс және Интернетке қатынауды пайдалану мүмкіндігін беретін телефонның сериясы ұсынылатын болады. Сонымен қатар, Интернет желісіне қатынау жылдамдығы 153 Кб/с –тан жоғары болмайды.
Сондай ақ, алдағы уақытта Wi-Fi, Wi-Max жаңа қызметтердің түрлерін енгізуге ерекше көңіл аударылатын болады.
Wi-Fi жабдығының негізіндегі желісіз қатынау (немесе «Хот-спот») бұл басқалармен салыстырып қарағанда жаңа технология. Хот-споттың аймағында Wi-Fi интерфейсі (желісіз картасы бар ноутбук) бар портативтік жеке компьютердің, сондай ақ, IEEE802.11b модулі бар қалталы жеке компьютердің кез-келген иегері Интернетке кең көлемді қатынау мүмкіндігін алады. Интернетке шығудың бір нүктесінің қамту радиусы шамамен 150 метр қашықтықты құрайды және қатынаудың қосымша нүктелерін орнату есебінен масштабы ұлғая алады. Қатынаудың бір нүктесі бір мезгілде бірнеше он белсенді қолданушыларға қызмет көрсете алады. Мысалға, Сіз Wi-Fi жабдығы орнатылған кафеге өзіңізбен бірге ноутбук немесе қалталы жеке компьютеріңізді ала келсеңіз, онда Сіз ұсынылған қызметке қосымша Интернет желісіне қатынау мүмкіншілігін пайдалана аласыз.
Осылайша, қолданушыларға Интернетке шығу мүмкіндігі сауда орталықтарында, темір жол вокзалында, әуежайда және қонақ үйлерде ұсынылатын болады. Жалпы Шымкент қаласында 2007 жылдың ішінде Интернетке желісіз қатынаудың 7 аймағын құру жұмыстары жоспарлануда.
Сондай ақ, Шымкент қаласында Wi-Max кең көлемді сымсыз желілердің құрылысының жобасын жүзеге асыру жұмыстары жоспарланып отыр. Бұл жобаның жүзеге асырылуы телефон орнатуға және желісіз байланыс арқылы Интернет желісіне жоғары жылдамдықта қатынау қызметін ұсыну мүмкіндіктерін береді. Жалпы 2 базалық станция орнатылады, олардың әрқайсысының қамту радиусы 30 шаршы метрді құрайтын болады, сонда, бұл қызметпен Шымкент қаласының барлық аймағы және қалаға жақын орналасқан аудан аймақтарының белгілі бір бөліктері қамтылады.
Wi-Max технологиясы үйлері немесе офистері бос байланыс желісі жоқ, ал жаңа желілерді тарту құны өте жоғары болатын қаланың аудандарында немесе ғимараттарында орналасқан тұтынушылар үшін байланысқа қатысты түйінді мәселелердің маңызды шешімі болып табылуы мүмкін.
Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жоғарылауына, сонымен қатар, азаматтардың күнделікті өміріндегі ақпаратты қорлардың маңыздылығының өсуіне байланысты, Интернет желісіне кең көлемді қатынау қызметі күн санап әйгілі болуда.
Интернет желісінің мүмкіндіктері өте үлкен және ол бәрімізге белгілі – бұл қарым-қатынас, қажетті мәліметтерді іздеу, тауарларды және қызметтерді сатып алу және т.б.
Қазіргі уақытта Megaline сауда белгісімен бәріне танымал болған Интернет қызметіне қатынау қызметі күннен күнге әйгілі болуда, бұл қызмет Metro Ethernet желісінің тасымалдау ортасын пайдалану арқылы кепілдемелі жоғарғы жылдамдықпен қосылу қызметін ұсына алады.
Metro Ethernet желісі дауысты, деректерді және тағы басқаларды жеткізу пакеттік технологиясымен бірге Бірыңғай, Тиімді, Универсалды, деректер беру желісінің мультисервистік құрылымы.
Бүгінгі күні Metro Ethernet желісі тек Шымкент қаласында ғана бар, ал 2007 жылдың 4 тоқсанында Metro Ethernet желілері барлық аудан орталықтарында ұйымдастырылады.
Жаңа тұтынушыларды тарту мүмкіндіктерін және Интернет желісіне жоғары жылдамдықпен қатынау қызметіне қосылу жөніндегі мәселелер бойынша абоненттерді ақпараттандыру аясын ұлғайту мақсатында, Шымкент қаласының тұрғындары сайт арқылы Megaline қызметіне қосылуға өтініш бере алады және бір мезетте қосылуға техникалық мүмкіндіктің барын немесе жоғын біле алады.
Дәл, осы Интернет желісіне жоғары жылдамдықпен қатынау қызметін ұсыну - «Қазақтелеком» АҚ-ы қызметінің басымдылық бағыты болып табылады, сонымен, 2008 жылы жоғары жылдамдықпен қатынау технологиясын дамыту арқылы компания IP TV қызметін ұсынуды жоспарлап отыр.
Жаңа түлектің цифрлы теледидары (IP TV ) – бұл отанымыздың және шетелдің ғарыштық арналарын жоғарғы цифрлы сапада көруге және қазіргі заман талабына сай теледидарлық қызметтерін қолдану мүмкіншілігін беретін көп бағдарламалы интерактивті теледидарлық хабарлаудың цифрлы технологиясы. Демек, тек цифрлы теледидар ғана, белгіленген артықшылықтарды, яғни жоғарғы сапаны, бағдарламалардың түрлерін, мазмұнның ерекшелігін, интерактивтілікті және басқаларды қамтамасыз ете алады.
Қолданушыларға арналған қолайлы интерфейс өзінің жеке теледидар бағдарламасының желісін оңай және тез қалыптастыру мүмкіндігін береді және клиенттер тек өздеріне ұнайтын ғана бағдарламаларды көре алатын болады.

ОҚ ОТД-ның әкімшілігі.

DSCN0916.jpg
DSCN0916
DSCN0917.jpg
DSCN0917
DSCN0918.jpg
DSCN0918
DSCN0919.jpg
DSCN0919
DSCN0920.jpg
DSCN0920
DSCN0921.jpg
DSCN0921
DSCN0922.jpg
DSCN0922
DSCN0923.jpg
DSCN0923
DSCN0924.jpg
DSCN0924
DSCN0925.jpg
DSCN0925