 |
«Қазақтелеком» АҚ «Megaline Light» Интернет желісіне кең жолақты қосылудың
жаңа тарифтік жоспарын енгізеді
|
Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету
бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде жетекші байланыс операторы «Қазақтелеком»
АҚ қыземтінің 2007-2009 жылдарға арналған стратегиялық бағыттарының бірі
Инетрнет желісіне жалпы кең жолақты қосылуды дамыту болып табылады. Компания
«Megaline» сауда маркалы қызметті белсенді дамытуда. «Қазақтелеком» АҚ ыңғайлы
тарифтік саясат Қазақстанда Интернет желісіне кең жолақты қосылудың клиенттік
қызметтер базасын арттыруға әкеледі.
"Megaline" сауда маркалы Интернетке кең жолақты қосылу қызметі ADSL (Asymmetric
Digital Subscriber Line) технологиясы бойынша ұсынылады. Бұл әдеттегі телефон
нөмірінде Интернетке жоғары жылдамдықты қосылуды (128 Кбит/с-тен 512 Кбит/с-ке
дейін) ұйымдастыруға мүмкіндік беретін жаңа технология. Сонымен қатар телефон
желісі бос болады. Сондай-ақ абоненттерге тұрақты "қоңыраусыз" дүниежүзілік
ақпараттық қорларға тәулік бойы қосылу қамтамасыз етілген.
"Қазақтелеком" АҚ-да ADSL-қосылулар тарихы 1999 жылы басталды, ол
кезде қызметті компанияның тек корпоративті клиенттері пайдалана алатын. 2005
жылы «Megaline» сауда маркалы кең жолақты қосылу қызметі жай тұлғалар үшін де
қолайлы болды. Соңғы уақытта халық ADSL технологиясы бойынша Инетрнетке кең
жолақты қосылуды едәуір белсенді пайдалануда. "Қазақтелеком" АҚ осы қызметті
барынша қолайлы етеді. Компанияның тарифтік жоспарларының өзгеру динамикасы
Интернеттегі белгіленген қосылу қызметтерінің таңдаулыдан бұқаралыққа айналуы
туралы куәландырады.
«Қазақтелеком» қазір «Megaline» («Megaline Start», «Megaline Plus»,
«Megaline Optima», Megaline Turbo», «Megaline Hit» және «Megaline Light»)
бірнеше тарифтік жоспарларды ұсынады. Олардың ішінен пайдаланушының
қажеттіліктері мен қаржылық мүмкіндіктеріне қарай ең қолайлысын таңдауға
мүмкіндіктері бар. Олардың ішіндегі ең әйгілісі - кіріс трафигінің лимитсіз
көлемін қамтамасыз ететін «Megaline Hit».
2007 жылдың 1-маусымынан «Megaline Hit» қызметіне қосылу жай
тұлғаларға белгіленген тарифтер деңгейінде заңды тұлға білімінсіз жеке
кәсіпкерлер үшін де қолайлы болды.
«Megaline Light» жаңа тарифтік жоспары алдын-ала төлеу шартымен,
кез-келген тұратын жерден және абоненттік желіге құқықтар болмаған жағдайда да
Интернет желісіне кең жолақты қосылумен (128кбит/с, Unlimited жылдамдығымен)
пайдалануға мүмкіндік береді. «Megaline Light» қосылу үшін аванстық негізде
жалпы телефон есебінен бөлек нақты абоненттік желі бойынша жеке дербес шот
ашылады.
Жаңа тарифтік жоспар орнатылған абоненттік желісі бар олар
пайдаланатын тұрғын үй иегері болмайтын жай тұлғаларға, отбаслық пайдалануға
қызметтерді сатып алу туралы шешім қабылдамаған үй шаруашылығының бөлек
мүшелеріне, пайдаланатын ғимаратқа иелік құқығы мен жалдау шарты жоқ және
абонеттік желінің иегері емес жеке кәсіпкерлерге арналған.
«Megaline Light» тарифтік жоспардың маңызды артықшылығы – қызмет
жалғыз құжат – жеке куәлік негізінде ұсынылады. Бұл пайдаланушыға қызметті алуды
едәуір жеңілдетеді. «Megaline Light» жазбаша өтініштер Облыстық телекоммуникация
дирекцияларының Абоненттік бөлімдерде, Қалалық телекоммуникация орталықтарында
(«Қазақтелеком» АҚ филиалдарында) және дилерлік сату нүктелерінде ресімделеді
және қабылданады. Ал Пайдаланушыларға қолдау көрсету орталықтарында қызметке
өтініштерді телефон арқылы ресімдеуге болады.
«Megaline Light» тарифтік жоспарының бағасы Астана және Алматы ққ.
абоненттері үшін ҚҚС есебімен 4 332.00 теңгені, сондай-ақ Ақмола, Ақтөбе,
Атырау, Алматы, Шығыс-Қазақстан, Жамбыл, Батыс-Қазақстан, Қарағанды, Қостанай,
Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік-Қазақстан, Оңтүстік-Қазақстан
облысының абоненттері үшін ҚҚС есебімен 4 104.00 теңгені құрайды.
«Megaline Light» алдын-ала төлеу шарттарында ұсынылатындығын атап
өту қажет. Әр айдың бірінші күніне «Megaline Light» абоненті дербес шотында екі
айдан кем емес абоненттік төлем сомасы болуға міндетті. «Megaline» қызметі
абоненттерге қосымша интерактивті және ойын-сауық сервистерін алу мүмкіндігін
қосады.
«Қазақтелеком» АҚ-ның 2007-2009 жылдарға арналған басты
мақсаты – Интернет желісіне кең жолақты қосылу мен сымсыз технология қызметтерін
дамыту.
«Megaline Light» жаңа тарифтік жоспары 2007 жылдың 1- шілдесінен
әрекетке енгізіледі.
«Қазақтелеком» АҚ
Қоғаммен байланыс қызметі
|