
АО «Қазақтелеком»
«Megaline» жеке кәсіпкерлер үшін қолайлы
Қазақстанның жетекші байланыс операторы «Қазақтелеком» АҚ «Megaline» сауда
маркалы Интернет желісіне кең жолақты қосылу қызметін белсенді жүргізуде. «Қазақтелеком»
АҚ 1-маусымнан бастап, «Megaline» қызметіне жай тұлғалар үшін белгіленген
тарифтер деңгейінде жеке кәсіпкерлер үшін де қосылу қолайлы болатындығы туралы
хабарлайды.
"Megaline" сауда маркалы Интернетке кең жолақты қосылу қызметі ADSL
технологиясы бойынша ұсынылады. Мұндай технология абоненттерге Интернет пен
телефонды бір мезгілде бір абоненттік желімен пайдалануға мүмкіндік береді.
Бұдан басқа тұрақты «қоңыраусыз» әлемдік ақпараттық ресурстарға тәуліктік қосылу
қамтамасыз етілген. Сонымен қатар «Megaline» қызметі абоненттерге қосымша
интерактивті және ойын-сауық сервистерін алу мүмкіндігін енгізуде. «Megaline»
қызметінің басты ерекшелігі – 512 Кбит/сек. дейін жоғары жылдамдығы. Сонымен
бірге "Megaline" пайдаланылатын трафикке дербес мониторинг жүргізе алады және ай
сайынға шығындарға шектеу қояды.
«Қазақтелеком» АҚ – бұл телекоммуникация қызметтері мен жаңа сервистерді
дамытуға ерекше назар аударатын бизнес-хабардар компания және «Megaline» сауда
маркалы қызметті Қазақстан Республикасы халқының арасында шын мәнісінде әйгілі
және бұқаралық етуге ниеттенуде.
«Қазақтелеком» АҚ
Қоғаммен байланыс қызметі