Қазақтелеком” Акционерлік Қоғамының филиалы
– Оңтүстік Қазақстан облыстық телекоммуникациялар
дирекциясының барлық қызметкерлер үшін 2006 жыл өте
маңызды, себебі осы уақыт ішіндегі – Қазақстан Республикасының ИСО
9001-2001 стандарттарының талаптарына сәйкес, қолданыстағы
сапа менеджменті жүйесінің кезекті расталуы ерекше оқиға
болып табылады. Сертификаттың сәйкестігіне қол жеткізу жолы
оңай болған жоқ. 1999 жылдан бастап ОҚ ОТД-да ұйымды
басқарудың қолданыстағы ұйымдық құрылымын
жетілдіру, өндірістік және сату қызметтерін бөлу, қазіргі
заман талабына сай сервистік қызмет ұсыну орындарын құрып, қалыптастыру
бойынша мақсатты бағытта жоспарлы жұмыстар жүргізілді.
Осы жылдар ішінде телекоммуникация желілерін жаңарту және дамыту
бойынша көлемді жұмыстар атқарылды. Телекоммуникация нарығын
ырықтанду шарттарына сәйкес, қызметті сатып алушы ең жақсысын
таңдауға құқы бар, сондықтан қол
жеткізген жетістіктермен шектеліп қалу мүмкін емес. Қазіргі
заман талабына сай – бизнестің процестік қарым-қатынаспен
негізделген әдіспен жүргізілуі, бүгінгі жаңа ғасырдың нағыз қажеттілігі
болып отыр. Ең озық түрде даму үстіндегі технологиялар
басқарушылық шешімдерді қабылдау тиімділігіне оң әсерін
тигізуде, сондай ақ, қолданыстағы бизнес-процестерді басқаруға
және әділ (таза) болуына мүмкіндік береді.
Сертификат – жүйенің реттелуін растайды, бірақ қолданыстағы
жүйенің негізіне енгізілген басты мақсат, атқарылып
отырған жұмыстарды үнемі жақсарту және әрі қарай
жетілдіру болып табылады.
Бұл мәселе бойынша әрбір мекеме үшін
ең басты құндылық - ол қызметкер екені сөзсіз.
Бірлесіп жұмыс атқару және бірін-бірі түсіну, қолдау
және мақсатқа қол жеткізу сенімділігі бөлімше қызметкерлері
арасындағы бөгеттерді жоюға жол ашады. Жалпы ұжымның ғылыми-техникалық және
шығармашылық жолындағы біліктілігі, Оңтүстік Қазақстан
облыстық телекоммуникациялар дирекциясының қол жеткізген
сәтті жетістіктерінің негізгі іргетасы болып табылады.
ОҚ ОТД-сы бойынша өндірістік-қаржы қызметінің
2006 жылы атқарған жұмыстарының қорытындылары.
Телекоммуникация желілерін жаңарту және дамыту бойынша өткізіліп
отырған іс-шаралар, телефон орнатуға қатысты қанағаттандырылмаған өтініштердің санын
төмендету бойынша жүйелі түрде жүргізілген жұмыстар
2006 жылдың ішінде «Қазақтелеком» АҚ-ның желісіне
жоспарланған 15988 телефонның орнына 18739 абонентті қосуға
мүмкіндік берді. Телекоммуникация қызметтерін сату көлемі
белгіленген тапсырма 2005 жылдың деңгейімен салыстырғанда
23% өсті.
Филиал Интернет сияқты жаңа қызмет түрлерін
белсендіру және алға қарай жылжыту бойынша едәуір көлемдегі
жұмыстарды атқарды. Өткен жылмен салыстырғанда деректерді өткізу
желісінің қызметтері 1,5 еседен жоғары көрсеткішке ұлғайған.
Сонымен бірге, Интернет қолданушыларының саны 28%-ға, ADSL
технологиясы бойынша деректерді өткізу желісінде жұмыс жүргізетін қолданушылардың саны
4 еседен жоғары көрсеткішке өсті.
Цифрлы АТС-тен қосымша қызмет түрлері 2005
жылдың деңгейімен салыстырғанда 1,5 есе көп ұсынылған,
ал облыс бойынша АТС-ді цифрландыру деңгейі 8,4% өсіп, жалпы 94%-ға
жетті, оның ішінде ауылдық АТС-ді телефондандыру деңгейі
20,5% өсіп, жалпы 82% -ды құрады.
Ақпаратты-анықтама қызметінің қызметтері өткен
жылмен салыстырғанда 1,4 есеге өсті.
Жаңарту және дамыту жұмыстары:
Шымкент қаласындағы автоматтандырылған қалааралық телефон
станциясы (АҚТС) жаңартылып, аудан орталықтарындағы
арналар санын арттыруға, ұсынылып отырған қызметтердің сапасын
жоғарылатуға (телефония, деректерді жеткізу, web, e-mail, сұраныс
бойынша бейне көрсету және т.б.) және сыртқы операторларды қосуға
мүмкіндік берді.
Облыс орталығындағы 57-АТС 1024 нөмірге және
318-АТС 512 нөмірге кеңейтілді.
Ағымдағы жылдың желтоқсан айында 57-АТС-тің бағдарламасын
жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілсе, 2007 жылдың қаңтар
айында 56-АТС бағдарламасының ауыстырылуы жоспарлануда, атқарылған
жұмыстардың нәтижесінде сыртқа шығарылатын станциялардың бағытындағы
станция аралық байланыс арналарының санын арттыру және арна
санының жетіспеу себептерінен уақыттың ең жүктемелі
кезеңінде, әсіресе күзгі-қысқа маусымда абоненттер
тарапынан түсетін шағымдардың санын азайту мүмкіндігін
алдық. Ағынның артуы жоғарыда көрсетілген АТС-дің сыртқа
шығарылатын станцияларының абоненттеріне ұсынылатын қызметтердің сапасын
жақсартады.
Сонымен қатар, жалпы сыйымдылығы 6792 нөмірлік
мультисервисті абоненттік мүмкіншіліктің (МСАД) 12 қорабын қосу
және телекоммуникация қызметтеріне берілген өтініштерді қанағаттандыру үшін
21-АТС кеңейтілді. Нәтижесінде Шымкент қаласындағы
МСАД желісінің жалпы сыйымдылығы 8992 нөмірді және
272 ADSL портын құрды.
Сондай ақ, аудан орталықтарындағы АТС-тер кеңейтілді,
атап айтқанда: Арыс қаласында, Кентау қаласында, Түркістан қаласында,
Т.Рысқұлов селосында, Ақсукент селосында, Сарыағаш қаласында,
Леңгір қаласында және Қазығұрт селосында.
Нөмірлік сыйымдылығының және станция
аралық байланыс арналарының кеңейтілуімен Кентау ҚТТ-ның Қарнақ,
Хантағы, Сайрам АТТ-ның Қарамұрт, Қарабұлак,
Ақбұлак, Ақсу, Көмешбұлак, Манкент, Сарыағаш
АТТ-ның Абай, Еңкес, Созақ АТТ-ның Қарағұр,
Мақтарал АТТ-ның Асықата, Атакент, Мырзакент және Түркістан
АТТ-ның Бабайқорған, Түлкібас ауылдық елдімекендеріндегі
аналогты АТС-тер жаңартылды.
Таукент, Қыземшек селосындағы АТС-тер ауыстырылды.
2007 жылдың қаңтар айында Қыземшек селосындағы
«ДАМА» жерсеріктік байланыс станциясының орнына «SkyEdge Gateway» ағынды
жерсеріктік жүйенің орнатылуы және Тайқоңыр елдімекенінде
сыйымдылығы 112 нөмірлік М-200 АТС-нің және «ДАМА»
жерсеріктік байланыс станциясының орнатылуы жоспарлануда.
Шолаққорған-Шымкент, Ленгір-Шымкент цифрлы
радиорелейлік желілер (РРЖ) пайдаланымға енгізілді және Шұбаровка-Арыс,
Абай-Жетісай, Жетісай-Шардара ЦРРЖ-лер кеңейтілді. Жетісай-Атакент, Жетісай–Мырзакент
учаскелеріндегі аналогты радиорелейлік желілер цифрлы радиорелейлік желілерге
ауыстырылды.
Қорытындылай келе, 2006 жылдың ішінде 39 АТС жаңартылды,
10 электронды АТС кеңейтілді, жаңа екі электронды АТС және
12 МСАД орнатылды. ОҚ ОТД-ның барлық ішкі аймақтық бағыттары
цифрландырылды.
2007 жылға белгіленген жұмыстардың негізгі
бағыттары
Филиалдың басты мақсаты Қоғамды клиентті-бағдарланған, қазіргі
заман талабына сай, жоғарғы технологиялық компания ретінде ұстанымдылығын
арттыру.
«Қазақтелеком» АҚ-ның филиалы - Оңтүстік Қазақстан
облыстық телекоммуникациялар дирекциясының негізгі міндеттері жаңа
технологияларды енгізу, ұсынылатын қызметтердің спектірін
кеңейту, тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын
арттыру және олардың мұқтаждылығын толық қанағаттандыру
есебінен нарықтың әрбір мақсатты сегментінде өзінің күш
жігерін нығайту болып табылады.
Мүмкіншілігі басым және қолда бар сұраныстарды барынша қанағаттандыру
жөніндегі жұмыстардың негізгі бағыттары ОҚ ОТД-ның инвестициялық қоржынының негізіне
кірді. Сонымен, 2007 жылдың күрделі салым бюджетінің жобаларын
жүзеге асыру есебінен телекоммуникация желілері сыйымдылығының жалпы өсімі
24288 нөмірді құрауы тиіс, мұның өзінде
Шымкент қаласының телекоммуникация желілерін дамыту бойынша бір
жоба бойынша 39-дан астам объектінің орнатылуы жоспарлануда. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың өсімімен,
сондай ақ, азаматтардың күнделікті өміріндегі ақпаратты қорлардың маңыздылығының артуымен
бірге Интернет желісіне кең алқапты қатынау қызметі
күннен күнге атақты болуда, келесі жылы аталған қызметтің қолданылу
аясын кеңейту жұмыстары жоспарлануда, яғни 1000 НТА-ға
22 қолданушы көрсеткішіне қол жеткізу.
Қазіргі уақытта Шымкент қаласында WiMax және
Wi-Fi жабдықтарының негізінде радио мүмкіншілік желілерін ұйымдастыру
бойынша жобалардың өңделу процесі жүргізіліп отырғанын
айта кету керек, бұл жобалардың 2007 жылы жүзеге асырылуы
жоспарлануда. Wi-Fi желісінің құрылысы облыс орталығының аймағында
Интернет желісіне сымсыз қол жеткізетін (hot spot) 7 коммерциялық бұқаралық орындарды құру
мүмкіндігін береді. Телекоммуникация қызметтеріне деген сұранысты
оперативті түрде және толығырақ қанағаттандыру үшін
2007 жылы CDMA стандарттарының негізінде WLL технологиясы бойынша радио
мүмкіншілік желісін ұйымдастыру бойынша жобаның 1-ші кезеңінің жүзеге
асырылуы жоспарлануда. Бұл жобамен Шымкент қаласының, барлық аудан
орталықтарының және облыстың ірі елдімекендерінің қамтылуы
жоспарлануда. Жобаның жүзеге асырылуы телефон жоқ немесе
желілі-кәбілдік құрылымдардың тапшылығы айқын
жерлерде телефон орнатуға мүмкіндік береді.
Тарифтер
Телекоммуникация желілеріне жаңа жыл мерекесінің қарсаңындағы
және жаңа жылдық жеңілдіктер.
желтоқсанның 25-нен қаңтардың 8-не
дейін ТМД және Балтия елдері бағытына жолданылатын жеделхаттарға 50
% жеңілдік ;
желтоқсанның 30, 31 күндері сағат 6:00-ден
23:00-ге дейін Қазақстан бойынша қалааралық сөйлесулерге 10% қосымша
жеңілдікті есепке алғанда, жеңілдік 32,5% құрайды . Қаңтардың 1,
2 күндері сағат 06-00-ден бастап, Қазақстан
Республикасы бойынша жеңілдіктер 25% пайызды құрайды .
желтоқсанның 30, 31 күндері және қаңтардың 1,2
күндері (аптаның жұмыс, демалыс (сенбі, жексенбі)
және мейрам күндері) келесі бағыттарда жеңілдіктер:
сағат 22-ден 08-ге дейін Ресей, Украина, Беларусия,
Молдова, Түркіменстан, Азербайджан және Балтия елдері бағыттарында 25%
көлеміндегі жеңілдік;
сағат 22-ден 08-ге дейін Өзбекістан, Қырғызстан , Тәжікстан,
Армения және Грузия бағыттарында 35%
көлеміндегі жеңілдік;
2006 жылғы желтоқснның 31-не дейін, MEGALINE қызметіне қосылуға
40% жеңілдіктің ұсынылуымен промо-акция өткізіледі,
сондай ақ, акцияның өткізілу кезеңінде өтініш
берген, бірақ техникалық мүмкіншіліктің болмауына байланысты қосыла
алмаған клиенттерге 40% жеңілдіктің құқығын
2007 жылғы маусымның 1-не дейін сақтауға рұқсат
беріледі.
«Megaline Start», «Megaline Plus», «Megaline Optima» и «Megaline
Turbo» тарифтік жоспарлар бойынша Интернет желісіне қол жеткізу қызметінің ұсынылу
барысында аудандық ерекшеліктегі қалаларда және аудандық ерекшеліктегі қалалардан
төмен тұратын АТТ және ҚТТ абоненттеріне қосылуға
бір жолғы төлемақының және ай сайынғы төлемақының қолданылу коэффициенті
0.75.
2007 жылғы қаңтардың 1-нен бастап, келесі
телекоммуникация қызметтерінің тарифтері төмендейді:
- Алыс шетел бағытындағы сөйлесулердің тарифтері
орташа есеппен 50% төмендетіледі. Мысалға, Германия,
Франция, Великобритания бағытындағы тарифтер 46,5% төмендетіледі,
Түркия, Италия, Австрия, Ватикан бағытындағы тарифтер 61,6%,
Америка бағытындағы тариф 50%, Қытай бағытындағы
тариф 52% төмендетіледі және т.б.
- ұялы байланыс операторлары желісінің бағытындағы
сөйлесулердің тарифі 4,6% төмендетіледі;
www.chimkent.kz сайтына тұтынушылар үшін телекоммуникация қызметтерінің тарифтері
жөнінде толық мәлімет орналастырылған. Сонымен қатар,
тұтынушы бұл сайтта үнемі жаңартылып отыратын Филиал
туралы ақпараттармен, ОҚ ОТД-ы ұсынатын барлық қызметтер
жиынтығымен, сервистік және ақпараттық қызметтер
туралы мәліметтермен таныса алады. Сондай ақ, бұл сайтта
Интернет-қоңыраушылары бойынша вирустан өзін қорғап-қауіпсіздендіру
туралы мәліметтер де орын алған. Барлық ақпараттар қазақ және
орыс тілдерінде ұсынылған.
Бүгінгі күні "Қазақтелеком" АҚ-на
жаңа стратегиялық тапсырма қойылған - халықтың кең көлеміне құны
бойынша қол жеткізу мүмкіндігі бар, сапалы телекоммуникация қызметтерін ұсынатын ұлттық компания
болу. Өздеріңізге мәлім, компания жылдың басынан бастап
Интернет желісінде коммутациялық қосылулар қызметінің (жалпы
орта есеппен алғанда 50%-ға) , алдын ала төленген "Тарлан-карталарды" қолдану
арқылы іске асырылатын кейбір қалааралық сөйлесулердің тарифтерін
кемітті.
Компанияның тарифтік саясаты нарықтық және экономикалық бағытты
мақсатты құрылым бойынша саналы үйлестіру. "Қазақтелеком" АҚ-ы
келешекте де өзінің тарифтік саясатына қатысты бағытын
тек осы қалыпта ұстауды көздейді.
Телекоммуникация қызметтерінің нарқын ырықтандыру
кезінде, біздің филиалымыздың қызметі тек коммерциялық тиімділігі
басымды байланыс операторларының жағдайын басып озуға ғана
емес, сонымен қатар ел Президентінің әлемнің ең дамыған
50 мемлекетінің қатарына және Қазақстанның БСҰ -ға
кіру жөніндегі бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз ету үшін
саланы алдағы уақытта дамытуға бағытталады.