Сымтетiк анықтамасы+ «Телеком-Интернет» қызметі
Бұл қызмет Сіздің дербес шотыңызды және сөйлесулеріңіздің қағаздағы басылымын көруге, сонымен қатар ҚҚС қызметтерін ашу мен жабуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні «Телеком-Интернет» пайдаланушылары телекоммуникация қызметтері бойынша төлемдерді Интернет арқылы жүргізе алады.
"Телеком-Интернет" қызметін пайдалану үшін Сізге пайдаланушының есімі және пароль қажет.
Пароль алу үшін Сізге «Қазақтелеком» АҚ-ның кез-келген Агенттігіне немесе Сервис-бюросына арыз берулеріңіз қажет.
ХАЛАЙЫҚ, ТЕЛЕКОМ-ИНТЕРНЕТ ҚАТАРЫНА ҚОСЫЛЫҢЫЗДАР!
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! ЖАҢА ҚЫЗМЕТ!
Шымкент сымтетiкдарының ақылы анықтамасы!
Анықтаманы пайдалану ережелері
1.1. «Шымкент қ. сымтетiк анықтамасы», бұдан былай Қызмет, «09» қызметінің заңды тұлға, жеке тұлға және заңды тұлға құрамайтын кәсіпкерлік іс-әрекетпен айналысатын жеке тұлғалар бойынша анықтамалық ақпаратты қамтитын дерекқорын пайдаланады.
1.2. Қызмет «chimkent.kz» сайтында көрсетілген ТӘРТІП бойынша ұсынылады.
1.3. Қызметті пайдалануға логин және пароль арқылы қол жеткізе аласыз.
1.4 Қызмет абоненттің нөмірін логин және пароль арқылы анықтау негізінде ұсынылады.
1.5. Логин мен парольдің құпиялығын сақтау жауапкершілігін абонент көтереді.
1.6. Қызмет ақылы болып табылады. Қызметті пайдалану барысында абонентке есептеу жасалынады;
· қызметті пайдалану үшін тариф (ақпараттық тариф).
1.7. Қызметтен бас тарту үшін (логин мен парольді деактивтеу) Сізге «Қазақтелеком» АҚ-ның кез-келген Агенттігіне немесе Сервис-бюросына арыз берулеріңіз қажет
2 . Қызмет үшін есептелген төлем.
2 .1. Пайдаланушылардың барлық категорияларына № 125т-Каз-4 -15-2004 ж Бағанамасына сәйкес «Толық және толық емес мәліметтер бойынша «09» ақпараттық дерекқор бойынша ақпарат» ақпараттық тариф қолданылады
- жеке тұлғалар үшін – әр сұраным 16 теңге (ҚҚС-мен);
- заңды тұлғалар және және заңды тұлға құрамайтын кәсіпкерлік іс-әрекетпен айналысатын жеке тұлғалар үшін – әр сұраным 59 теңге (ҚҚС-мен).
2 .2. Абоненттің сұранымына жауап ретінде дерекқорда мәлімет табылмаған жағдайда тарифтеу жүргізілмейді.
2 .3. Қызмет үшін есептеулер күнделікті дербес шотына жасалынады және телекоммуникация қызметтері бойынша хабарлама шотының «басқа есептеулер» бағанасында көрсетіледі
Логин және пароль алу тәртібі
• Логин және парольді «Қазақтелеком» АҚ-ның кез-келген Агенттігіне немесе Сервис-бюросына арыз беру немесе сымтетiк арқылы алуға болады. Логин мен пароль алу үшін сымтетiк иесінің жеке бас күәлігі қажет. Егер арыз сымтетiк арқылы қабылданатын болса, логин және пароль абонентке кері сымтетiк шалу арқылы беріледі.
• «Телеком – Интернет» қызметін пайдаланатын абоненттер, қолданыстағы логин мен парольді пайдалана алады.
Логин және пароль алу үшін сымтетiк: 815
| Кіру үшін теріңіз |
|
|