Шымкент
Наурыз мейрамын қарсы алды!
Наурыздың 22-сі – Наурыз мейрамы күні Шымкент қаласында көктемнің осындай
керемет мейрамына арналған жаппай іс-шаралар өткізілді. Бұл күні көктемнің алтын
күні жарқырап, қаланың әсем көшелеріне, мейрамға арналып әшекейленген алаңдарға,
тігілген қазақтың киіз үйлеріне жылы нұрын төгіп тұрды. Көптеген сәнді
әшекейленген киіз үйлер «ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ» тарихи-сәулеттік кешеннің аймағында
орналасты. Таңғы ертеден бастап, жан-жақтан әсем әндер, балалардың қуанышты
күлкілері естіліп жатты, көптеген мекемелер мен ұйымдар өздерінің экспонаттарын
шығарып, мерекеге қатысатын әртістерін әзірлеп қойыпты. «Қазақтелеком» АҚ-ның
филиалы – Оңтүстік Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясы Шымкент
қаласының және Әл-Фараби ауданының әкімиаттарымен ұйымдастырылған Наурыз
мейрамына қатысып, мейрамды тойлау барысында өткізілген байқаудың нәтижелері
бойынша құрметті бірінші орынды жеңіп алды.