|
“Қазақтелеком” АҚ-ның филиалы – Оңтүстік Қазақстан облыстық телекоммуникациялар
дирекциясында мемлекеттік тілдің дамуына айтарлықтай көңіл аударылуда. Мемлекеттік
тілді енгізу жөніндегі «Қазақтелеком» АҚ-ы өңдеген Бағдарламаға сәйкес, мемлекеттік
тілді қолдану аясын кеңейту, насихаттау жөнінен мақсатты бағытта жұмыстар жүргізілуде,
түрлі шаралар өткізілуде. Аталған Бағдарламаны жүзеге асыру процесінде қызметкерлерге
қазақ тілін меңгеруіне, оқып білуіне және қызметтік міндеттемелерін екі тілде
орындауын қамтамасыз етуіне ықпал ететін барлық жағдайлар жан-жақты қарастырылған.
Бағдарламаға енгізілген техникалық іс-шаралардың кең алқабының ішінде мемлекеттік
тілді электронды құралдармен дамыту әдісіне ерекше көңіл бөлінуде. Компанияның
электронды құжатайналымының жүйесіне қызметкерлердің мемлекеттік тілді меңгеру
деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін қазіргі заман талабына сай электронды түрде
сынақ өткізу әдістемесі іске қосылған. Сынақ өткізу тәртібі мен қызметкерлердің
мемлекеттік тілді меңгеру деңгейінің өлшемдері туралы бекітілген Ережеге сәйкес,
қызметкерлердің атқаратын міндеттемелеріне қарай белгіленген санаттары бойынша
сынақ сұрақтарының электронды қоры қалыптастырылған.
Қызметкерлердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау өлшемдері анықталған,
лексико-фразеологиялық минимумдар және 1,2,3 санаттағы қызметкерлердің мемлекеттік
тілді меңгеру деңгейін анықтау үшін қажетті сынақ тапсырмалары әзірленген. Өңделген
бағдарламалық қамтамасыздандырулар сынақты қашықтан өткізуге және Қоғам бөлімшелерінде
мемлекеттік тілді меңгеру процесіне бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.
Шымкентте 2006 жылғы қарашаның 23-24 күндері «Қазақтелеком» АҚ-ның филиалы –
Оңтүстік Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясының қызметкерлеріне
мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау үшін электронды әдіспен сынақ өткізілді.
Бұл іс-шараның өткізілуіне тікелей «Қазақтелеком» АҚ-ның ОА-нан «Қазақтелеком»
АҚ-ның іс жүргізуіне мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі Комиссия төрағасының
орынбасары – «Қазақтелеком» АҚ Президентінің Кеңесшісі - Жандар Кәрібайұлы, Ақпараттық
технологиялар департаментінің техникалық қамтамасыз ету жолында еңбектеніп жүрген
Бас менеджер Ерболат Сәдуақасов, сондай ақ, «Қазақтелеком» АҚ-ның іс жүргізуіне
мемлекеттік тілді енгізу жөніндегі Комиссияның мүшесі – ұйымдастыру бақылау департаментінің
мемлекеттік тілді енгізу және аудару бөлімінің Бас менеждері Сәуле Мешітбайқызы
Мешітбаева қатысты.
Оңтүстік Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясы сынақты сәтті тапсырып,
мемлекеттік тілде білімдерінің жоғарғы деңгейін көрсете білді. Жинаған ұпайларының
орташа деңгейі 95,12 % құрады.
Филиал бөлімшелерінің ішінде бірінші кезекте ең жоғарғы көрсеткішті басшылар
мен атқару аппаратының қызметкерлері жинаса, телекоммуникация қызметтерінің тұтынушыларымен
тікелей жұмыс жүргізетін коммерциялық блоктың қызметкерлері, сондай ақ, аудандық
телекоммуникациялар тораптарының өкілдері жоғарғы көрсеткішті көрсетті. ОҚ ОТД-ның
іс қағаздарына мемлекеттік тілді енгізу мәселелері және өткізілген сынаќтыѕ ќорытындысы
бойынша бас кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерімен, аудандық телекоммуникациялар
тораптарымен ОЌО бойынша тілдерді дамыту департаментініѕ бастыєы Байєўт Мархабаттыѕ
ќатысуымен селекторлыќ мјжіліс ґткізілді.
Қоғамның іс жүргізуіне мемлекеттік тілді енгізу мақсатында қолданылып отырған
шаралар оң нәтижесін беруде. Көрсетілген деректер Қоғамда мемлекеттік тілді игеру
беталысы алға жылып келе жатқанын, қызметкерлердің мемлекеттік тілді меңгеруге,
терең оқып білуіне қызығушылық танытып отырғанын айқындауда.
Оңтүстік
Қазақстан облыстық телекоммуникациялар
дирекциясының әкімшілігі.
|