|
«Қазақтелеком» АҚ-ның филиалы ОҚ ОТД-ның негізгі міндеті-телекоммуникация
қызметімен тұтынушыларды толық қамсыздандырылуы.
“Қазақтелеком” АҚ –ның даму стратегиясы анықтаған мақсаттарын іске асыру, ОҚ
ОТД қызметтерінің негізгі бағыттарының бірі. Аталған стратегияға, сонымен бірге
ОҚ ОТД-ың 2006-2010 жылдарға арналған телекоммуникация желілерін дамыту
Бағдарламасына сәйкес, телекоммуникация желілерін, оның ішінде ауылдық жерде әрі
қарай дамыту мақсаттары бір мезгілде аналогты станцияны электронды станцияға
ауыстыру арқылы ойдағыдай жемісті жүргізілуде. Ауылдық тұтынушыларға пайдалануға
берілетін қызметтердің көлемі мен спекторлары кеңейтілуде. ОҚ ОТД ұжымының
белсенді жұмыстарының арқасында және ауыл байланыстарын жаңғыртуға көп мөлшерде
инвистиция жұмсау нәтижесінде, бүгінгі күнде көптеген ауыл тұрғындарына қазіргі
заман талабына сай жан-жақты артықшылықтарымен пайдалануға мүмкіншілік
берілген.Ауыл тұтынушылары бүгінгі күнде үлкен қалалар тұтынушылары сияқты
қосымша қызмет түрлерін пайдалануға, электрондық АТС арқылы жергілікті қызмет
түрлері және қалааралық байланыс, сондай-ақ сапалы Интернет желісіне қосылуға
мүмкіндіктері бар.Әрине бұған Түлкібас ауданы да қосылады.
2006 жылдың ақпан айында қосымша құралдармен Т.Рысқұлов ауылындағы САТС DRX-4
сыйымдылығы 60 каналға ұлғайтылған, маусым айында Жабағлы, Кершетас, Құлан және
Кемербастау ауылдарына жалпы сыйымдылығы 624№№ ЖКШ 150 жұптан тұратын
кеңейтілген 4 сандық АТС сатып алынды (жалпы 12 млн. 305 мың теңге сомаға).
Бюджеттік капиталды жұмсау жобасы бойынша 2006 жылдың тамыз айында Т.Рысқұлов
ауылында САТС DRX-4 қосылған сыйымдылығы 3008 нөмірлі SI2000 үлгілі АТС-ке
ауыстырылып, нөмірлік сыйымдылығы 416 нөмірге кеңейтілді. 2007жылғы ақпанның
1-дегі мәліметтерге сәйкес 3008 нөмірдің 2895 нөмірі қолданылуда.Сондай-ақ тамыз
айында Түлкібастағы АТС Si-2000 256 нөмірге ұлғайтылған, бүгінгі күні 704
нөмірден 642 нөмірі қолданылуда.
Кең жолақты қызмет түріне сұраныстың өсуіне байланысты 2007 жылғы КСБ жобасы
бойынша Т.Рысқұлов аудан орталығында “Metro” желісін құрып, 64 ADSL порты бар
АТС IP DSLAM жабдығы орнатылады.Желіні құру кез-келген категориялы тұтынушыға
ADSL технологиясы бойынша кең жолақты қызмет түрін көрсетуді іске асырады.
2008ж. КСБ жобаларымен 64 ADSL порты бар IP DSLAM жабдығын орнату қарастырылған.
Түлкібас АТТ-да ОҚ ОТД бөлімшелерінің ішінде бірінші болып сандық қалааралық
коммутатор жабдығы қолданысқа енгізілді (ОҚК “Рино”). Жабдықтарды құру
нәтижесінде сөйлесу бекеттерінде тұтынушыларға қалааралық сөйлесулер үшін, есеп
айырысу уақтысы азайтылды. Егер бұрын тұтынушылар сөйлесудің ұсынылуын 1 сағат
бойы күткен болса, қазір сандық қалааралық коммутатор енгізілгеннен кейін олар
сөйлесу төлемақысын аванс ретінде төлеп, қажет бағытта өзі теріп сөйлесе береді.
Есеп айырысу жүйесі де, ешқандай қағаз толтырусыз автоматты түрде орындалады.
Аталған жабдық қызмет көрсету деңгейін жоғарылатуға, тұтынушыларға қызметтерді
қол жеткізімді етуге мүмкіндік берді.
Бұдан басқа, Түлкібастағы сервис желілері пунктінде тұтынушыларға тосқауылсыз
қызмет көрсету тәсілі бойынша сервис қызметін жоғарылату мақсатында жұмыс орны
ұйымдастырылды.
Облыстық Телекоммуникация Дирекциясының осы кезеңдегі негізгі мақсаты -
телекоммуникация саласында бәсекелестік пен ырықтандыру шартында табысты
қызметке арналған қор жасау . Телекоммуникация желілерін жаңарту және дамыту
бойынша жиынтық шараларын орындау 2006-2010 жылдарға арналған ОҚ ОТД-ның даму
бағдарламасында қарастырылған.Көрсетілген бағдарлама мақсаттарының шешімдері
облыстық телекоммуникация тұтынушыларының сұранысы мен талаптарын
қанағаттандыруға, пайдалануға берілетін қызметтердің көлемі мен спекторларын
ұлғайтуға, ауылдық тұтынушыларға барлық артықшылықтарымен бірге қазіргі заман
талабына сай сандық байланысты және ауыл мектептерін Интернет желісіне қосуға
бағытталған.
2006 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясында
телекоммуникация қызметтерін ұсыну бойынша белгіленген жоспар 104,4 пайызды
құрады, өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда өсімі 123 пайыз. Сонымен қатар,
телекоммуникация желілерінде 18709 негізгі телефон аппараттары орнатылды, өсімі
15297-ге қамтамасыз етілді, жоспарды 120 және 117 пайызды құрайды.
Аудандық тораптарды жаңарту жұмыстары жеткен жетістіктерімен тоқталмайды ОҚ
ОТД-ның алға қойған міндеттері-аналогтық АТС-ті сандық АТС-терге толығымен
ауыстырылады.
Оңтүстік Қазақстан облыстық
телекоммуникациялар дирекциясының
әкімшілігі.
|